Ұлттың тарихы мен мәдениетінің негізі тілде жатыр. Қазақ халқының жадында сақталған аңыздар, жырлар, батырлар жыры мен мақал-мәтелдер тілі арқылы ғана бүгінгі күнге жетіп, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Бүгінде қазақ тілінің мәртебесі артып, мемлекеттік тіл ретінде қолдану аясын кеңейтуде. Алайда, заманның өзгеруі, жаһандану процесі тілдің сақталуына бірқатар қиындықтар әкелуде. Қазіргі ұрпақтың тіл білімі мен мәдениетін сақтап қалу үшін мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, оны күнделікті өмірде қолдану деңгейін арттыру қажет.
Қазақ тілі тек мектептерде оқытылып қана қоймай, қоғамның барлық салаларында: ғылымда, экономикада, саясатта, ақпараттық технологияларда белсенді қолданылуы тиіс. Бұл – тілдің ұлттың болашағы үшін маңызды екенін көрсетеді. Тілдің дамуы мен сақталуы үшін мемлекет тарапынан көп жұмыстар атқарылып жатыр, бірақ бұл ұлы міндетті тек мемлекет қана емес, әр азаматтың өз Отанына, тілінің болашағына деген құрметі арқылы жүзеге асыруға болады.
«Тіл аманда – елім аман» демекші, тілімізді сақтап қана тәуелсіздігімізді қорғап қала алатынымызды ескере жөн.
Райхан Ахметова,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас маман
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- 16 сәуір, 2026
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




