«Ел іші даусыз болмас» дейді дана халқымыз. Дау-жанжалдарды шешу мен реттеудің тиімді әдістерін қолдану әлемде өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тараптар үшін дауды бітіммен аяқтаудың тиімділігіне адамның жүйесі тозбайтынын, теріс эмоцияға берілмейтінін және денсаулығына нұқсан келмейтінін атауға болады.
Тараптардың бітімге келу келуге қызығушылық танытуына мына негізгі себептерді жатқызуға болады: 1) жауапкер өзінің қарыздары бар екендігін біледі, бітімге келіп, талап қоюшымен сотқа төленген мемлекеттік бажды төлеуден босатылуын қалайды; 2) екі жаққа да қолайлы нұсқада соттың актісі қабылданады (мысалы, қарызды бөліп төлеу); 3) келісімді бекіту туралы ұйғарым тиісті түрде орындалмаған жағдайда талап қоюшының өтініші негізінде соттың атқару парағы беріледі.
Дауларды татуласу жолымен шешу – сот жүйесіне сенім деңгейін арттыру, адам құқықтарын жан-жақты қамтамасыз ету, азаматтық қоғамды және құқықтық демократиялық мемлекеттің негіздерін нығайтуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.
Ержан Калымханов,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




