Махметғали Нұрғалиұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының жақында «Ana tili» газетіне берген сұхбатында ауыл шаруашылығына сапалы мамандар дайындау керектігін айтып өткеніне тоқталып, өзі басқарып отырған университетте орман шаруашылығы, балық шаруашылығы мамандықтары жаңадан ашылып жатқанын жеткізді.
Мұнан соң, Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев сөз алып, еліміздің алға қойған жарқын жобалары да аз емес екеніне, шешімін таппаған өзекті мәселелер де көп екеніне тоқталды.
«Мемлекетіміз өздеріңіз білетіндей, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша жас ұрпақтың келешегіне қаржы сала бастады. Бұл әзірге аз қаражат. Дегенмен, жақсы жетістік. Бір кездегі армандаған нәрсеміз қазір аз мөлшерде болса да жүзеге асып жатыр. Дамыған елдердің баршасы әуелі өндірелетін жалпы ішкі өнімдерді дамытуға қаржы салады. Бұл қаржының көлемі Қытайда 95, Германияда 70 пайызды құрайды. Ал, біздің мемлекетте әзірге 9,5 пайыз көлемінде тұр. Әлеуметтік салаға көңіл бөлу халық қалаулыларының назарында. Қазіргі таңда республикалық бюджеттің 55 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалуда. Әлі де қолдауды күшейтуге болар еді. Бірақ, барлығы сол қаражаттың көлеміне келіп тіреледі. Ауыл шаруашылығына инве сторлар тарту, «Қарызсыз қоғам» жобасын жетілдіру, екінші деңгейлі банктерге талапты күшейту мәселелері өзекті. Лудомания, нашақорлықпен күресті күшейту де кезек күттірмейді. Бүгін ашық әңгіме айтылсын. Сіздерді тыңдауға, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын», – деді депутат.
Жиналғандардың көкейлерінде жүрген ойлары аз емес екен. Мәселен, педагогика ғылымдарының докторы Қалдыбек Бөлеев: «Ауылға жайлы мектептер салынып жатыр ма? Әлде қалалық жермен шектеле ме?» десе, ғалым Мұрат Жұмаділдаев ауыл шаруашылығында мамандар жетіспейтінін, қай салаға қанша маман жетіспейтінін сұрады. Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Аманжол Аманбаев: «Тұқым шаруашылықтарына ешқашан тексеріс жүргізілген емес. Олардың жұмысы ауыл шаруашылығында өте маңызды. Қант қызылшасын өсіру кезінде де жоспармен, өнімді уақтылы өткізе алатындай деңгейде жұмыс істеуге болады» дей келіп, субсидияның неге нәтижесі болмай жатқанын сұрады. Ал, Қордай аудандық мәслихатының депутаты, Жайық Манасбаев екі мың бұқа өсіріп отырғанын, мемлекеттен ешқандай субсидия алмай, сондай нәтижеге қол жеткізгенін айтты. Мұнан соң, ғалымдар Аман Қарынбаев, Әли Исақов, Жамбыл су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының бас директоры Нұрлан Балғабаев, «Ауыл» партиясы облыстық филалының төрағасы Алтай Райқұлов өз ойларын ортаға салды. Профессор Қалдыбек Бөлеев жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу жөнінде, ұлттық тәрбиені және адал жас ұрпақты қалыптастыру бойынша ұсыныс- пікірлерін айтты.
Халық қалаулысы Анас Ахатұлы қойылған барлық сұрақтарға жан- жақты жауап беріп, ұсыныстардың баршасын Мәжілістің жоғары мінберіне жеткуізетінін айтты.
Жиынды Махметғали Сарыбеков қорытындылап, Парламент Мәжілісінің депутатына және қатысушыларға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді