Аймақта қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынады
- author «Ақ жол»
- 14 қаңтар, 2025
- 908
Компания өңірде энергия сақтау жүйесі бар 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда. Masdar жобасының менеджері Ернұр Жиенбаев аралық нәтижелер туралы баяндады. Жобаның алдын ала құны 742 миллиард теңге. Қазіргі таңда жел электр станциясының аумағында геотехникалық жұмыстар жүргізілуде. Ірі ЖЭК объектісінің құрылысын 2026 жылы бастау жоспарлануда.
Сондай-ақ, Ернұр Жиенбаев Жамбыл облысында компанияның ауқымын кеңейту және «жасыл» энергетика саласында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы атап өтті. Облыс әкімі жел паркінің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Компания өкілдерімен әңгімелесу барысында Ербол Қарашөкеев кадрларға деген қажеттілікті алдын ала сараптап, өңір тұрғындарының арасынан мамандарды даярлау мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қажеттігін баса айтты.
Қолайлы инвестициялық ахуал мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңірде ЖЭК секторы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 571,3 МВт болатын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




