Ел тарихында мұндай алапат тасқын бұрын-соңды болмағанын атап өткен Мемлекет басшысы олқылықтың орнын толтыру бағытында Парламентте жаңа Су кодексінің жобасы қаралып жатқандығына тоқталды.
«Су ресурстарын басқару тұжырымдамасы және оның кешенді жоспары бекітілді. Онда 2030 жылға дейін 40-тан астам су қоймасын салу және 37 су қоймасын жөндеу қарастырылған. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асатын ирригация каналдарын жаңғырту көзделген. Төтенше жағдайларды болжау және оның алдын алу жүйесін жаңғыртуға қатысты ауқымды жұмыстар басталды. Су мамандарының тапшылығы мәселесін шешу және зерттеу жұмыстарын жандандыру үшін Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. Шын мәнінде, халықаралық қауымдастық су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін бірлесе әрекет етуі керек. Қазақстан осы мәселеге басымдық береді, – деді Президент.
Расында, елді әбігерге салған табиғи апаттан соң өңірлерде көктемгі су тасқынына дайындық шаралары күшейтіле түсті. Облысымызда да су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткен жылы облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен су шаруашылығы саласындағы инфрақұрылымдар жаңартылды. Атап айтқанда, 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 53,675 миллион теңгеге Байзақ ауданындағы Воинское, Меркі ауданынан Аспара-1, Маханды, Ақермен-1 және Талас ауданынан Жәдік, Ойық, Қарашат, Қазақбай, Бөлекқызыл су қоймалары жөнделген. Ал, былтыр 9 су қоймасын жөндеу жоспарланып, бүгінде барлық су қоймасында жұмыстар толығымен аяқталған.
– Өткен жылдың қорытындысымен мекемеге қарасты 10 су қоймасына, атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы Сұлукөл, Жуалы ауданындағы Береке, Байзақ ауданында Қарабақыр, Ақкүмбез, Шу ауданында Бұланбай, Т.Рысқұлов ауданында Шілік, Меркідегі Ленин жол, Талас ауданында Тамды, Алтынкөл, Қордайда Ешкілі-Қордай су қоймаларына көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілді Бүгінде 53,055 миллион теңге қарастырылған бұл жұмыст ар «КазГипроВодХоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есебінен 90 пайызға орындалды. Аталған су қоймаларына көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, қорытындысына сәйкес жұмыстар жалғасатын болады. Бұдан бөлек, облыстағы 5 су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 30 миллион теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта сметалық құжаттар сараптама қорытындысымен әзірленуде. Жалпы, биыл мекемеге қарасты 12 су қойманы жөндеу, 7 су қоймаға құлақтандыру жүйелерін орнату және 113 су қоймаға су өлшеуіш рейкаларын орнату жоспарлануда, – дейді облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Молдашев.
Бауыржан Момынқұлұлының сөзінше, облыста 2026 жылға дейін жаңа 12 су қоймасының құрылысын жүргізу, қолданыстағы 4 су қоймасын қайта жаңғырту жоспарланып, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Сарысу ауданында орналасқан «Ынт алы» су қоймасын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 2022 жылдан бастап 202 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары 21 пайызға орындалған. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан жобаға түзетулер енгізу мақсатында нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Шу ауданында орналасқан «Тасөткел» су қоймасының құрылыс жұмыстары 99 пайызға орындалып, нысанды қабылдап алу бойынша жұмыстар іске асуда. Сонымен қатар, республикалық меншіктегі «Теріс-Ащыбұлақ» және «Қарақоңыз» су қоймаларын қайта жаңғыртуға жұмыс жобалары әзірленуде. Бұдан бөлек, 2022 жылдан бастап Меркі ауданында көлемі 1,9 миллион м3-ты құрайтын жаңа «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3» су қоймаларының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалды. Ал, Талас ауданындағы «Ақмола», Қордай ауданындағы «Ырғайты» және «Қалғұты» су қоймаларының құрылысына Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Сондай-ақ, «Ақмола» су қоймасының сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыст ары биыл жүргізіледі, – деді Бауыржан Момынқұлұлы.
Жалпы өңірдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және егіс алқаптарын суармалы сумен қамту мәселесін шешу мақсатында халықаралық қаржы институттарының несиесі есебінен облыстың 6 ауданында су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді қайта құру бойынша құны 37,4 миллиард теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 867, 9 шақырымды құрайтын 315 кана лдың 183-і жөндеуден өтіп, 47,5 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтылу деңгейі артқан.
Нұрболат АМАНБЕКЕ
Ұқсас жаңалықтар
Төл теңге төңірегіндегі түйткіл қандай?
- 16 қаңтар, 2025
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді