Жыл сайын студенттерге арналған 10 мың орынды жатақхана беріледі
- author «Ақ жол»
- 13 қаңтар, 2025
- 1.1k
Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрілігі мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 11 096 орын пайдалануға берілді.
Астана және Алматы қалаларында жатақханаларда орындарды уақтылы алу бойынша ел студенттеріне консультациялық қызметтер көрсететін жобалық фронт-офистер жұмыс істейді.
2024 жылы жатақханалар салу бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшері Алматы қаласында 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін, Астана қаласын қоса алғанда, елдің басқа өңірлерінде 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, жатақханаға объектілерді реконструкциялағаны үшін өтемақы мөлшері 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және кәсіпкерлік субъектілерінің жатақханаларды салуға және реконструкциялауға кеңінен қатысуын қамтитын жаңа жатақханалар салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігі әзірленді.
2025 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастарға және 1 және 2-топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға оқу кезеңінде ЖОО жатақханаларында тұрғаны үшін 100 050 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жалғастырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




