Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылы жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері туралы
- author «Ақ жол»
- 9 қаңтар, 2025
- 203
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асырылады.
2024 жылға 430 547,1 миллион теңгені құрайтын 23 456 мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді.
Жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Департамент тарапынан ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге барлығы 5 581 хабарлама жіберілді.
Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу веб- порталының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Департаментке заңды және жеке тұлғалардан 2659-ға жуық арыз-шағым түсіп, 1539-ға жуық арыз толық және ішінара қанағаттандырылған.
Атап өтетін жайт, мемлекеттік сатып алуды ұымдастырушылар тарапынан камералдық бақылау бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған хабарламаларды тиісінше орындамау, яғни толық дәрежеде орындамау не нұсқамаға сәйкес орындамау салдарынан бюджеттік қаражаттың мерзімінде игерілуін тежейді және әкімшілік ауыртпашылықтың ұлғаюына әкеліп соғуда.
Департамент тарапынан жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамаған немесе тиісінше орындамағаны үшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы 40 хат жолданды, 54 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді