Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу өз деңгейінде ұйымдастырылуы тиіс
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 04:32
- 91
Ал, облыс аумағында жұмысшы мамандықтарын дамытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған іс-шара жоспары әзірленіп, оны жүзеге асыру мақсатында жұмысшы тобы құрылды, медиа-жоспар бекітілді. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жылдың алғашқы аппараттық кеңесінде кеңінен айтылды. Басқосу барысында ең әуелі облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов баяндама жасады. Оның айтуынша, былтыр өңірде өнеркәсіп саласында белсенді дамып келе жатқан бағыттарды анықтау, облыстың еңбек нарығына сай жаңа мамандықтар ашу және жұмыспен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасы «Жаңа мамандықтардың атласы» жобасы іске қосылған.
– «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы – өңірдегі перспективалы салаларда пайда болатын жаңа әрі сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтарды жүйелеуге және талдауға арналған. Оның аясында құрылыс, тау-кен, туризм, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп салалары бойынша нарыққа қажетті мамандықтардың тізімі анықталады. Жобаның мақсаты – облыста кадрлық қамтамасыз етудің ағымдағы жүйесіне зерттеу жүргізу. Жобаны жүзеге асыруда Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әріптес ретінде таңдалды. Колледждердің материалдық техникалық базасын жаңарту мақсатында №10 Шу және Қаратау құрылыс техникалық колледждерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жасалды. Қаржы орталығы арқылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне биылғы жылдың қыркүйек айында 120 орындық студенттік жатақхана беріледі деп күтілуде. 2024-2025 оқу жылына 70 мамандыққа 7 486 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Оның 455-іне кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысына студенттер қабылданды. Нәтижесінде 109 жұмыс берушімен колледж арасында келісім-шарт жасалынды. Сонымен қатар, 13 жұмыс берушілер есебінен 9 колледжде 26 студент білім алуда, – деді Рауан Нұрғалиұлы.
Естеріңізде болса, өткен жылдың тамыз айынан бастап облыста 77 түрлі ақпараттық жүйемен интеграцияланған «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі құрылған еді. Бұл – өңірдегі 337,8 мың отбасының әлеуметтік-материалдық жағдайын санаттары бойынша жіктеп, нақты жағдайы төмен отбасылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің сөзінше, аталған жүйедегі мәліметтер негізінде әрбір отбасының материалдық жағдайынан бастап, отбасы мүшелерінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылады. Бұдан бөлек, олардың банктердегі берешектеріне дейін есептеліп, отбасының жағдайы 5 санат бойынша бөлінеді.
– Облыс халқының кедейшілік шегінен төмен дағдарыс санаттарындағы отбасылардың санын азайту мақсатында облыстық, аудандық штабтар мен ауылдық округтерде жұмысшы топтар құрылды. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін көшпелі семинарлар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Былтырғы жылдың тамыз айына дейін өңір халқының 33,1 пайызын әл-ауқат деңгейі төмен Д және Е санаттарындағы 114,6 мың отбасы құрады. Есепті кезеңде аталған санаттардағы отбасылардың үлесін 1,9 пайызға дейін азайту межесі қойылған болатын. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан жүргізілген кешенді жұмыстардың өткен жылдың желтоқсан айында Д және Е с анатт арындағы отбасылардың саны 17 507 отбасын құрап, жоспар 9,3 есеге асыра орындалды, – деді Еркін Егембердіұлы.
Жиын соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Өскембековаға обл ыстағы NEET санатындағы жастар мен «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі деректерде алшақтық болмауын жіті қадағалауды жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы аталған ақпараттық жүйедегі мәліметтерді өзектендірудің маңыздылығына тоқт а лып, жауаптыларға «Жұмысшы мамандықтарының жылын» өткізу бойынша қабылданған қажетті шаралардың өз деңгейінде орындалуын тапсырды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта мыңнан аса көлік қар құрсауында қалған
- Бүгін, 05:01
Отандық бизнеске бәсекелестік орта қажет
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді