Аймақ басшысы Қарасу алқабындағы №4, 5, 10, 11, «Аса» (11) шағынауданындағы №11, 12, 19, 21, 23, 32 үйлерді аралап шықты. Көпқабатты үйлердің жертөлесіне түсіп, шатырына шығып, атқарылған жұмыстың сапасын тексерді.
Ербол Қарашөкеев басты талап – сапа мен мерзім кестесінің сақталуын қатаң бақылауда ұстау керектігін міндеттеп, тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстарын межелі уақытта аяқтауды, тұрғындардың пікірін ескеруді талап етті.
Айта кетейік, 2024 жылы Тараз қаласындағы 53 тұрғын үйді күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінде 40 көппәтерлі үйде құрылыс жұмыстары аяқталып, қалған он үшінде жалғасуда. Сондай-ақ, қайтарым қаражат есебінен Төле би даңғылы №11, «Қаратау» шағынауданында №37а, 39 үйлер және «Салтанат» шағынауданында №29а, 29б үйлер күрделі жөндеуден өтті. Коммуналдық меншікте тұрған «Бәйтерек» шағынауданындағы үш үйдің қасбеттері боялды.
Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесі 43 пайыздан 39 пайызға төмендеді.
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен қаланың орталық көшелеріндегі 28 көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңарту жобасы қарастырылды. Өткен жылы Төле би даңғылының бойындағы 11 үйдің сырт келбеті мен шатыры жөнделді. Сондай-ақ, Желтоқсан көшесіндегі №71 үй жөнделуде. Ал, биыл қалған 16 үйдің сәулеттік келбеті жаңартылып, қала көркін аша түседі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғамдық көліктің жаңа бағыты ашылды
- 20 қаңтар, 2025
Зағип жандарды жан-жақты дамытуды көздейді
- 20 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді