«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа жылдан кейінгі доллар бағамы қандай?

Жаңа жылдан кейінгі доллар бағамы қандай?
kapital.kz
Ұлттық банк 5 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 525,11 теңге болса, Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,88, ал еуро — 546,74 теңге.

Күні кеше Мемлекет басшысы «ANA TILI» газетіне берген  «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында Ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығына қатысты ашық пікір білдірген болатын.

Президенттің айтуынша, Қазақстан әлем экономикасының ажырамас бөлігі болғандықтан, теңгеге сыртқы факторлар әсерін тигізбей қоймайды. Доллардың нығаюынан дамушы елдердің валютасы қысым көреді.

«Біздің валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқанымызға біраз уақыт болды. Нарық факторларына байланысты еркін бағам қалыптастыру жолын таңдадық. Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын. Нарыққа қатысы бар кейбір құрылымдар теңге бағамын басқаруға қолайлы ету туралы ұсыныстар айтып жүр. Ұлттық банк пен Үкімет оның бәрін мұқият қарастырып жатыр. Мәселені зерделеген соң бұл бағыттағы ұстанымымызды өзгерту қажет пе деген сауалдың жауабы белгілі болады. Басты мақсат – экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды қарқынды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашу.

Ашығын айтсам, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр», – деді Мемлекет басшысы өз жауабында.

Ұқсас жаңалықтар