– Облыста 371 елді мекен бар, халық саны – 1,222 миллион адамды құрайды. 371 елді мекеннің 4-і қала, 367-і ауылдық елді мекен. Жыл басындағы таза ауыз сумен жабдықтау көрсеткішін халық санымен бағалайтын болсақ, қалаларда таза ауыз сумен халықтың 97,5 пайызы (513,4 мың адам), ауылдық 313 елді мекенде 94,9 пайызы (656,3 мың адам) қамтылып отыр. Аймақта таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген Тараз, Шу қалалары бойынша 9 тұрғын алқап бар, ондағы халық саны 6,9 мың адамды құрайды, ендігі кезекте тіршілік нәрімен қамтылмаған 54 ауылдық елді мекен (35,4 мың адам) қалып отыр. Оның ішінде 34 елді мекенге орталық, 20 елді мекенге кешенді блок-модульді таза ауыз су орнату жоспарланған. Биыл бұл салаға қатысты құрылыс жұмыстарын жүргізуге 21,5 миллиард теңге қаралған. Осы орайда, 37 елді мекен мен 2 қаладағы 5 тұрғын алқапты таза ауыз сумен қамтамасыз ету және 16 елді мекеннің ауыз су жүйелерін реконструкциялау жоспарланған. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен таза ауыз сумен жабдықтау көрсеткіші қалаларда 98,8, ауылдық елді мекендерде 98,1 пайызды құрауы қажет, – дейді басқарма басшысы.
Осы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 10 елді мекенге кешенді блок-модульдер мен 7 елді мекеннің ауыз су жүйелері реконструкциядан өткен. Осы жүргізілген құрылыс жұмыстарының қорытындысымен таза ауыз сумен қамту деңгейі 332 ауылдық елді мекенге жетіп, 96,8 пайызды құрады. Атап айтсақ, облысымызға қарасты аудандардағы Бесағаш, Түрксіб, Қайнар және Бөлтірік ауылдары орталық таза ауыз су жүйесіне қосылса, кешенді блок-модулімен қамтылған елді мекендер қатарында Күркіресу стансасы, Қазбастау разезі, Қарасу, Көктас, Амансай, Аққайнар, Мамыртөбе, Тойқұдық, Қосапан, Көк дала-2 ауылдары, Қайыңдысай, Құмарық, Арал, Қайыр, Ақтөбе ауылдары бар.
Басқарма басшысының айтуынша, қала және ауылдық елді мекендерді 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында кейбір іске асырылып жатқан нысандарда мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысына байланысты сот процесстерінің жүруі, құрылыс нормаларының бұзылуы, жұмыстардың өндірістік кестеден кешігуі орын алған. Бұл өз кезегінде нысандардың жоспарланған мерзімде аяқталмауы мен құрылыс нысанының сапасына кері әсерін тигізген. Осы ретте, биылға жоспарланған таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері қалаларда – 98,8, ауылдық елді мекендерде – 98,1 пайызға жетпей қалу қаупі бар екен. Болжам бойынша жыл соңымен қалаларда – 97,9, ауылдық елді мекендерде – 97,1 пайыз, яғни жоспардан 1 пайызға дейін кем орындалуы күтілуде.
– Құрылыс жұмыстары жоспарланған 34 елді мекенге талдау жасалды. Талдау көрсеткендей, биыл 9 елді мекендегі таза ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 20 елді мекен бойынша жобалар 2025 жылға өтпелі. Қалған 5 елді мекен бойынша 3 жобаға 2025 жылға бюжеттік өтінім ұсынылды, 1 жобаның сараптама қорытындысы алынды, 1 жоба сараптамадан өтуде. Сондай-ақ, 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалғыз қалып отырған Қордай ауданындағы Алға елді мекені бойынша жоба әзірленіп, сараптама қорытындысын желтоқсан айының соңына дейін алу жоспарлауда. Осыған орай, аудан әкімдігі тарапынан бұл жұмыстарды тездету керек, ары қарай сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін салалық министрлікке бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Ал осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары,н аяқтап пайдалануға тапсырылуы тиіс 13 жаңа құрылыс нысаны бар, бірақ қалаларда 6 тұрғын алқап пен 6 реконструкция жұмыстары 2025 жылға өтпелі болып отыр, – дейді ол.
Басқарма басшысының айтуынша, 13 жаңа құрылыс нысанын Байзақ ауданындағы Аққия, Қосақ, Жамбыл ауданындағы Қызылшарық, Жаңаөткел, Т.Рысқұлов ауданындағы Шөңгер, Мамай, Сөгеті, Мойынқұм ауданындағы Ақсүйек, Талас ауданындағы Қараой, Қожағаппар, Сейілбек, Шу ауданындағы Еңбек, Жиенбет ауылдарында жүргізу жоспарланған. Мұның ішінде облыстың негізгі көрсеткішіне әсер ететін 11 елді мекендегі құрылыс жұмыстары өндірістік кестеден кешігуі себепті жыл соңына дейін толық орындалмайын деп тұр. Ал екі нысан құрылысы сот процесстерінің ұзаққа созылуына байланысты әлі күнге басталмаған. Тараз қаласындағы алты тұрғын алқап, атап айтсақ Қайнар, Родничок, Мичуренец, Ақжол, Шалғай Қарасу 1-7, Қаратау қаласындағы нысан жұмыстары да кешігуде. Шаһардағы екі тұрғын алқаптың құрылыс жұмыстары өндірістік кестеден кешігуі себепті жыл соңына дейін аяқталмайын деп отыр. Төрт тұрғын алқап құрылысы сот процесстерінің ұзаққа созылуына байланысты әлі күнге басталмаған.
Сол сияқты жобаға енген алты реконструкция нысандары бойынша да кемшін тұстар бар. Бұл бойынша құрылыс жұмыстарын Қордай ауданының Күнбатыс, Меркі ауданының Сыпатай, Гранитогорск, Т.Рысқұлов ауданының Арай, Мойынқұм ауданының Хантау, ал Шу ауданының Сауытбек елді мекендерінде жүргізу көзделген. Реконструкция жоспарланған 3 елді мекеннің жобалары қайта түзетуге енгізілгендіктен жыл соңына дейін аяқталмайын деп тұр, ал екі нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеден кешіккен, бір нысан құрылысы сот процесстерінің ұзаққа созылуына байланысты әлі күнге басталмаған.
Кешенді блок-модульдерін орнату жұмыстары жоспарланған 20 елді мекенге де талдау жүргізілген. Басқарма басшысының айтуынша, биыл 15 елді мекенде, алдағы жылы 5 елді мекенге кешенді блок-модулін орнату жоспарланған. Ол үшін бюджеттен жалпы 300 миллион теңге қаражат қажет етеді, су тазартудың кешенді блок-модулінің орташа құны 32,2 миллион теңгені құрайды.
– Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің Тараз қаласы мен аудандардың тұрғындарымен кездесуі барысында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету саласында көтерілген мәселелері бойынша да талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау барысында жалпы өңір тұрғындары тарапынан 12 мәселе көтерілген болатын. Таза ауыз суға қатысты Т.Рысқұлов ауданы мен Тараз қаласынан үш-үштен, ал Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу, Шу мен Мойынқұм аудандарында бір-бір мәселе қозғалған еді. Бүгінгі күні аймақ тұрғындары тарапынан көтерілген төрт мәселе толық шешімін тауып, 8 мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, республикалық бюджеттің 2025 жылғы қалыптастырылуына жалпы сомасы 40,7 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба қаржыландыруға ұсынылып отыр. Оның ішінде 7 жаңа құрылыс нысандарына 5,4 миллиард теңге, 26 реконструкция жобаларына – 35,3 миллиард теңге жұмсау көзделген. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін қала және ауылдық елді мекендерді толық таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын талапқа сай аяқтау жоспарлануда, – дейді облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Исақов.
Президент Жолдауында ұсынған жобалар ел тарапынан қолдау табуда. Халықтың игілі мен оның әлеуметтік жағдайының жақсаруы жолында алдымызда үлкен жұмыстар тұрғаны сөзсіз.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Қос нысан пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді