– Ел аумағының тұтастығы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Сіздерге жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр. Кәсіби қызметтеріңіз кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруымен ерекшеленеді. Бұл міндетті абыроймен атқарып, Тәуелсіздік тұғырын биіктетуге үлес қосудасыздар. Мемлекет басшысының бастамасымен құқық қорғау қызметкерлерінің мерейін арттыру үшін жарқын істер жүзеге асуда. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті арасында тығыз байланыс орнатылған. Заң үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылатыны анық. Сондықтан халықтың сеніміне ие болу өте маңызды. Адал еңбектеріңіз бен қызметке деген жауапкершілік қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Биылғы жылы полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінгенін атап өткен аймақ басшысы жалпы қаражаттың 1,1 миллиард теңгесі автокөлік құралдарын сатып алуға жұмсалғандығын жеткізді. Нәтижесінде жыл басынан бері 81 автокөлік сатып алынып, күні бүгін соның 30-ы табысталды. Олардың ішінде 14-і «GAC» маркалы электромобильдер болса, қалғаны «Hyundai Elantra», «Chevrolet Cobalt» маркалы көліктер.
Салтанатты жиында облыстық полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы өңірде жеткілікті деңгейде тұрақтылық сақталып отырғандығын атап өтті.
– Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында қылмысқа қарсы күресті күшейтудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Сол арқылы құқық қорғау органдарына заң мен тәртіп қағидаттары бойынша азаматтардың құқықтарын әділ және тиімді қорғауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бүгін осы полиция қызметкерлеріне қызметтік автокөліктер тапсырылды. Бұл сөзсіз облыс аумағындағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ішкі істер органдарының қызметінің тиімділігін арттыратынына сенімдімін, – деді Бақытжан Әсембекұлы.
Жалпы бұған дейін жергілікті бюджет қаржысына Қордай ауданында полиция бөлімі пайдалануға берілсе, келесі жылы осындай нысанның құрылысы Шу ауданында басталмақ.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Есірткі таратушыларға тосқауыл қойылды
- Бүгін, 01:50
Маңызды екі жоба талқыланып, бекітілді
- Бүгін, 01:32
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді