
Қазақ халқының үш бәйтерегі атанған Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетіне қосқан үлестерін, баға жетпес еңбектерін ұрпаққа таныстыру мақсатында өткен іс-шараны аталған мектеп-гимназиясының директоры Индира Нұралиева әдеби-сазды кештің маңызына терең тоқталды. Ол: «Биыл үш бәйтерек атанған арыстарымыздың 130 жылдық мерейтойы. Бүгінгі жас ұрпақ ұлттың қамын жеген мұндай дара тұлғаларды ұмытпауы керек», – деді.
Іс-шара барысында Сәкен Сейфуллиннің «Бозторғай» атты өлеңін оқушы Аружан Сейдалы жатқа оқыса, Бейімбет Майлиннің «Жазғы кеш» өлеңін Қарақат Мәуленқызы жиналған жұрттың жүрегіне жеткізді. Гимназияның талантты шәкірттерінің бірі Назерке Қуанышбек өз кезегінде Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасынан үзінді оқып, көпшіліктің құрметіне бөленді. Назерке оқыған поэманы Кәусар Батырбек, Назерке Тілеубек сәтті жалғастырды.
Сәкен Сейфуллиннің «Біздің жақта» әнін орындаған 6-сынып оқушысы Арнұр Бердібек талабының таудай екенін танытты. Ал, 11-сынып оқушысы Еркеназ Шәріпхан кеш барысында Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінен үзінді оқып, ел жүрегін толқытты. Талантты шәкірт Әдемі Дулатова аталған повесть аясында сурет салып, өзінің шеберлігін танытты. Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері», «Тау суреттері», «Су суреті» өлеңдерін жатқа оқыған Айару Қуандық, Кәмшат Исмаил, Үміт Бодаудың өнерлеріне тәнті болғандар аз емес. Мектеп оқушылары «Үш бәйтерек» атты көрініс қойса, Сәкен рөлін – Нұралы Қожа, Ілиясты – Әділет Мұратбек, Бейімбетті Рәсілжан Тұрсынғали шебер сомдай білді. Осы көрініс оқушыларға, барша тамашалаушыларға да керемет әсер сыйлады. Кеш барысында Әлинұр Қынат пен Раяна Дүйсенқызы әсем ән шырқады. Жиналған қауым халқымыз «Үш бәйтерек» атап кеткен дара тұлғалар өмірінен кең хабардар болып, тебіреністі күй кешті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Айтыста алдына жан салмаған Інжу ару
- Бүгін, 05:03
Таразда «Aulieata book» республикалық кітап фестивалі өтті
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді