«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ашық дереккөз
Хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес болған жағдайда.

D-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

D-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №406 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881 e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің басшысы, санаты D-R-1, (№10-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А БЛОК. Бөлім жұмысын ұйымдастыру, болжау, жоспарлау. Білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Білім беру бағдарламасын іске асыру, азаматтарға міндетті орта білім беруді қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру, міндетті жалпы орта білім беретін мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету. Қорғаншылық және қамқоршылық кеңестің жұмысын жүргізу. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру. Білім беру саласын жетілдірудің басқа да мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, әкім және әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеу.

Білім саласындағы қажеттіліктерді анықтау, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын ескере отырып, білім саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Орта білім беру ісіне, мектепке дейінгі тәрбие мазмұны және жалпы білім беру стандарттары негізінде оқу бағдарламалары мен оқытудың жаңа технологиясы бойынша білім беру ісінің талапқа сай ұйымдастыруын қамтамасыз ету. Білім мекемелерінің қызметтерін талдау, олардың алдағы дамуын болжау. Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процестерді дамыту бағытындағы озық үлгілерді, іс-шараларды жетілдіру, іске асыру. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, тиісті округ әкімдерімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп іс-қимыл жасау. Меншік түріне қарамай білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, нормативті-құқықтық актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс пен қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және оның сақталуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бюджет жүйесі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Білім туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің үздіксіз білім беру және бала құқығын қорғау секторының меңгерушісі, санаты D-R-3, (№ 11-06), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А БЛОК. Үздіксіз білім беру және бала құқығын қорғау секторының жалпы жұмысының іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету. Білім мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарының жағдайын зерделеу, талдау жасау және оларды мемлекеттік стандартқа сәйкес жүзеге асыру. Қалалық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыру. Білім мекемелеріндегі әдістемелік жұмысты үйлестіру. Мектеп жасына жеткен оқушыларды оқумен қамтуды қамтамасыз ету. 0-18 жасқа дейінгі балалардың тіркеуін жүргізу, мектептердің микротелімдерінің шекараларын анықтау, мөлтекаудандардағы мектептердің оқушылар контингентімен жұмыс жасау. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: педагогикалық ғылымдар.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

3. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№ 05-03), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А БЛОК. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын жүзеге асыруды ұйымдастыруға жауапты. Білім мекемелерінің маусымдық дайындығы, жаңа құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының есебін жүргізеді және білім мекемелеріне құрылыс жүргізудің, мекемелер мен кәсіпорындардың ғимараттарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуін қадағалауға жауапты. Білім мекемелері мен кәсіпорындарындағы ауыз су, жылу, жарық, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылайды және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі жобаларды жүзеге асыруды үйлестіреді. Республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебінен мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс мекемелердің және жалпы орта мектептер мен шағын орталықтардың материалдық-техникалық базамен (компьютер, лингофондық кабинеттер, пән кабинеттері, жиһаздармен және т.б.) жабдықталуын қадағалайды. Білім мекемелері мен кәсіпорындарды қатты отынмен, табиғи газбен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Білім мекемелері мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту және материалдық-техникалық база бойынша білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың жұмыстарына басшылық жасап, үйлестіреді. Аудандағы тәрбие жұмысын үйлестіреді, бақылайды, басшылық жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» және Еңбек Кодекстерін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

4. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№10-3), 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа 10.11.2025 ж. шыққанға дейін).

Функционалдық міндеттері: А Блок. Өз құзыреті шегінде жалпы білім беру мәселесімен, статистикалық есептерді уақытында тапсыруымен айналысады. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бойынша жұмыс жүргізеді. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» жүргізеді. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша жұмыс жүргізеді.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын ұйымдастырып, оның жұмыстарын үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Заңдарының Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, жоғары мемлекеттік органдарының актілерінің, аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының орындалуын қадағалайды. Бала құқығын қорғау бойынша балалар еңбегінің қанауға қарсы алдын-алу іс-шараларды ұйымдастырады. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтуды және мектеп жанындағы интернатқа орналастыру, тегін және ыстық тамақпен қамтамасыз етуді үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» және Еңбек Кодекстерін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

5. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№07-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А Блок. Білім мекемелерінде Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақталуын қадағалайды. Педагогикалық мамандардың біліктілігін анықтайтын аттестатциялық комиссияның құжаттарын дайындайды. Озат мұғалімдерді белгіленген тәртіп бойынша марапаттау материалдарын әзірлейді. Білім саласындағы кадр қозғалысының статисткалық есебін жұргізеді. Білім мекемелеріндегі кадрлардың біліктілігіне сәйкес орналастыру жұмыстарын үйлестіреді.Білім мекемелеріне қажетті мамандарға сұраныс дайындайды. Білім мекемелерінің басшыларының бос лауазымдық орынға жарияланған конкурстық құжаттарын қабылдап, конкурс комиссиясына ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» және Еңбек Кодекстерін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

6. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№06-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А Блок. Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуын, білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысының жүргізілуін және мектептердегі бір мезгіл ыстық тамақ берілуін бақылайды. Бөлімнің бұйрықтарын, тұрақты комиссиялардың шешімдерінің орындалуын бақылайды. Жасы кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтың алдын алу, тәрбиесі қиын балалармен атқарылатын жұмыстардың есебін жүргізеді, балалардың құқық қорғау жұмыстарын үйлестіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жұмыстарды жүргізеді. Іс-қағаздарды жүргізу бойынша нұсқаулыққа сәйкес қызметтік құжаттармен жұмысты, орындалған және бақылаудан алынған құжаттардың іске тігілуін және календарлық жылдың соңында мұрағатқа сақтауға тапсырылуын ұйымдастырады. Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстар мен аудан мектептерін жеткіліксіз мамандармен толықтыруға ықпал жасап ұйымдастырады. Атқарушы және өкілетті органдарға бекіттіруге тапсырылатын құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастырады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес іс-шаралардың орындалуын және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының, ішкі еңбек тәртібінің қызметшілер тарапынан сақталуына бақылау жасайды. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және бөлім басшысы тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» және Еңбек Кодекстерін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №405, 403 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881, e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамға мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) амбулаториялық-емханалық ұйымдарында қолданылатын медициналық есеп құжаттамасының нысандарына сәйкес құжатты тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығы) бекітілген «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;

4) № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрықпен бекітілген «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;

5) Қағиданың 75-тармағына сәйкес құжаттың электрондық көшірмесін тапсырған жағдайда білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібермеуге құқылы.

Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Ұқсас жаңалықтар