Жаңалықтар
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- author «Ақ жол»
- 25 желтоқсан, 2024
- 2.3k
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мақажанов мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті жер саласына жүргізген мониторинг барысында негізсіз берілген жер учаскелері анықталды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормаларын бұза отырып, жергілікті атқарушы орган тарапынан берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 938 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сонымен қатар, Тараз қаласында азаматтарға бизнес үшін конкурстық рәсімдерсіз, жасыл желектерге арналған жер учаскелері берілгені анықталды. Департаменттің ұсынысы бойынша жалпы ауданы 0,0742 га құрайтын кадастрлық құны 1,1 млн тг болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




