Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды
- author «Ақ жол»
- 24 желтоқсан, 2024
- 1.0k
Министрдің айтуынша, маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу. «Азаматтар еліміз бойынша ұшақтарда, пойыздарда цифрлық құжаттар базасы негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз алаңсыз жүре алады. Биыл 200 млн-нан астам қызмет көрсетілді», — деді Мәдиев. Тағы бір мысал – онлайн нотариус. Азаматтар Қазақстаннан тыс жерде болса да онлайн қызмет ала алады. Мұндай қызметтер 175 мыңнан астам рет көрсетілген.
Жаслан Мәдиев азаматтарға автоматты түрде, олардың өтінішінсіз ұсынылатын проактивті қызметтерді енгізудің маңызын атап өтті. Министр сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмектің құралына айналған әлеуметтік әмиянды енгізу туралы айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз екі негізгі қызметтен бастадық: оқушыларға тегін ыстық тамақ беру және тегін дәрі-дәрмек ұсыну», — деді Мәдиев.
Бүгінгі таңда 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 2 мыңнан астам мектеп қамтылды. Барлық мемлекеттік дәріханалар жүйеге толығымен қосылған және қазірдің өзінде 1,5 млн-нан астам рецепт берілген.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




