– «Үлгілі ауыл» конкурсының қорытындысымен 8 жүлделі орын белгіленіп, жеңімпаздарға қаржылай жүлделер қарастырылған. І-орынға 1 ауыл, ІІ-орынға 2 ауыл, ІІІ-орынға 5 ауыл лайық деп танылды. І-орын иегері атанған ауылға 1 әлеуметтік нысан құрылысы, ІІ-орын алған екі ауылға құрылысы күрделі емес әлеуметтік нысанның құрылысы, ІІІ-орын алған бес ауылда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Облыс әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссиямен конкурстың талабына сай 10 аудан ұсынған үздік, үлгілі ауылдардың өтінімдері қаралды. Комиссияның ұсынысымен конкурстың жеңімпаздары анықталды. Бұл іс-шаралар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жыл сайын одан әрі жалғасын табатын болады, – деген аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы ауылдарды көркейту мен елімізді өркендетуде атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік, табыс тіледі.
Айта кетейік, облыста экологиялық акцияны жыл соңына дейін жалғастыру үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыстың барлық елді мекендерінде санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, акция барысында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды, 30 мыңнан астам тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылған. Бұл жұмыстарға жалпы 1104 бірлік техника жұмылдырылды.
– Экологиялық акция шеңберіндегі сенбіліктерге өңір тұрғындары мен түрлі санаттағы азаматтар, еңбек ұжымдары белсенді атсалысты. Бұл ретте, тазалық акциясына бір реттік немесе бекітілген жоспарды орындап, фотоға түсіп, ақпарат беріп отырсақ болды деген ойдан аулақ болауымыз қажет. Бұл – таза және сау қоршаған ортаны қалыптастыруға бағытталған саналы қадам. Яғни, бұл іс-шараның маңыздылығын дұрыс түсініп, оны халыққа жеткізуіміз қажет. «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің тазалығына қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сонымен қатар, акция келешек ұрпаққа жауапкершілік пен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге мүмкіндік берері сөзсіз. Акцияның терең тәрбиелік мағынасы осыны білдіреді, – деді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.
«Үлгілі ауыл» конкурсында І-орынды Байзақ ауданындағы Кеңес ауылы иеленді. Ал, ІІ-орынға Жуалы ауданындағы Қайрат ауылы мен Т.Рысқұлов ауданының Ақыртөбе ауылы ие болды. ІІІ-орынның жүлдесі Қордай ауданының Қаракемер, Талас ауданының Көктал, Сарысу ауданының Игілік, Меркі ауданының Аспара, Жамбыл ауданының Гродеково ауылдарына бұйырды.
– Біздің ауылға бұйырған «Үлгілі ауыл» атауы, І-орынның жүлдесі – ауыл тұрғындарының ауызбірлікпен атқарған жұмыстарының жемісі. Экологиялық акцияны қолдап, әрбірі өз үлестерін қосып, қоршаған ортамыз тазарды. Бұл іс ары қарай да жалғаса береді. Іскер азаматтардың демеушілігімен тұрғындардың игілігіне арналған нысандар салынды. Ауылымызда 2400 халық, 375 аула бар. Осы халық санына қарай барлық қажетті нысандармен ауылымыз толықтай қамтамасыз етілген. Биыл жеке кәсіпкермен бірге спорт мектебі салынған болатын. Енді конкурстан жеңіп алған 50 миллион теңгеге саябақты заманауи жабдықтасақ деп отырмыз, – дейді І-орынды иеленген Байзақ ауданы, Кеңес ауылының әкімі Самат Кусемисов.
Ортақ істі жұрт болып, жұдырықтай жұмыла атқарып, жеңіске жеткен үлгілі ауылдар өзгелерге де өнеге боларына, соның жалғасымен барлық аймақтар ажарланарына сенеміз. Бұл конкурс «Бірлік – берекеге бастайды» деген халық нақылының нақ дәлелін көрсетті.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеатадағы әдебиет мерекесі
- Бүгін, 01:05
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді