Жамбыл облысында 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 13:43
- 48
Атап айтқанда, «Алель-Агро» АҚ-ның өндірістік инкубаторы іске қосылды. Өңірдегі 5 шаруа қожалығына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақсары майы өндірісінің өрісі кеңейді. Сонымен бірге «ҚазАква Альянс» ЖШС балық шаруашылығы құрылды, «Эльнур Адильгрупп» ЖШС астық қоймасы салынды. «BNK Leasing» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету үшін сервистік орталық, алма шырынын өндіретін «Рич голд» ЖШС іске қосылды, «Каусар» шаруа қожалығы көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылады деп күтілуде.
Жалпы 2024-2027 жылдары аралығында агроөнеркәсіптік кешен саласында 245,4 млрд.теңгеге 36 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, 5 тауарлы сүт фермасы, 3 ет бағытындағы құс фабрикасы, 8 көкөніс қоймасы, 10 қайта өңдеу жобасы, су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 7 жоба, сондай-ақ бордақылау алаңы бар. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін көбейту бағдарламасы аясында 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды.
Олардың қатарында көкөніс сақтау қоймасы мен тауарлы сүт фермасын салу, алма шырынын, балықтарға арналған жем-шөп өндіру, тауық саңғырығы мен қой жүнін терең өңдеу, су үнемдеу қондырғысы сияқты бастамалар бар. Жоспарға сәйкес жобалардың алды жыл соңына дейін, қалғаны келесі жылы жұмысын бастайды. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен фри өндірісі мен ауыл шаруашылығы малдарының терісін қайта өңдеу арқылы азық қоспаларын өндіру бойынша жобалар басталады.
Жалпы іске асырылып жатқан жобалар өңірдегі сүт өндірісін 6,5 пайызға ұлғайтуға, қоймалардың сыйымдылығын 10 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл инвестициялық жобалар бағаны тұрақтандыруға және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді