
Бұл жыр додасында облыс намысын Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Інжу Жаңабай мен Талас ауданы, Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Нұрайым Боранбай қорғады. Інжу алғашқы кезеңде алматылық Елсияр Құлахметпен қызықты айтыс жасай білді. Тәуелсіздік тағылымдарын да тәуір жырлай келіп: «Кешегі аға-әпкелер ерліктері, ұрпаққа өнеге боп жалғасуда. Бүгінгі Қайраттарың ән салып жүр, кешегі Қайраттардың арқасында» деп жырлауы да көпшіліктің көңілінен шықты. Ал, таластық Нұрайым Боранбай қызылордалық жас ақынға лайықты қарсылас бола білді. Шешуші кезеңде Інжу Жаңабай республикалық мамандандырылған Абай атындағы мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Сейітжанмен өрелі айтыс жасады. Қазылар құрамында Мәдениет саласының үздіктері, ақындар Серік Қалиев, Талант Арғынғали және белгілі айтыс ақындары Айтбек Тұрсынбай, Шұғайып Сезімхан, Ержан Мырзабек отырды.
Қазылар алқасының шешімімен алматылық Ерасыл Сейітжан бас жүлде алса, тараздық жерлесіміз Інжу Жаңабай жүлделі бірінші орыннан көрінді. Ал, таластық Нұрайым Боранбай ынталандыру сыйлығына ие болды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық болмысты ұлықтаған қаламгер
- 22 мамыр, 2025
Сәулетшілер қашанда қоғам сұранысында
- 22 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді