– Президентіміз биылғы Жолдауында бюджет қаржысының тиімді игерілуіне баса мән берді. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу керек екенін айтты. Бүгінгі күні бюджет қаржысының мақсатты – игерілуін бақылау мақсатында «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, облыстық жастар ресурстық орталығы және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізілді, – деді.
Ал, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Парида Байназароваға «Жергілікті деңгейде ішкі және жастар саясатын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын бекіту» туралы хабарлама жасады. Ол өз кезегінде «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, облыстық жаст ар ре сурстық орт алығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген аудиторлық тексерістің нәтижесі туралы баяндады.
Мұнан соң, облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Өскембаева да есеп беріп, үш мекемеде анықталған қаржылық заңбұзушылықтарға тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Сарысу ауданы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы баяндады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




