Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
– Қарасай ауылының жаңа Мәдениет үйі ел игілігіне қызмет етіп, өнер мен мәдениеттің ордасына айналатынына сеніміміз зор, – деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.
Мәдениет үйінің құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Ғимаратта акт залы, кітапхана, ІТ-кабинет бар, сондай-ақ вокал, би, қолөнер үйірмелерін өткізу үшін бөлмелер қарастырылған.
– Бұл Мәдениет үйі ауыл жастарының өнерін шыңдап, бос уақыттарын тиімді өткізуге зор мүмкіндік береді. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, рухани құндылықтары осы ордада жаңғырады деп сенемін. Ауылдың гүлденуіне қолдау көрсетіп, осындай игі істерді атқарып жатқан азаматтарға қариялардың атынан алғысымды білдіремін! – деген ауыл ақсақалы Жұмабек Тоқаев көпшілікке бата берді.
Бұдан соң, жаңа нысанның лентасы қиылды. Жиналған қауым нысанды аралап, өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында бүгінге дейін бес Мәдениет үйі мен бір мұражай пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы екі нысан ел игілігіне тапсырылады.
Ағымдағы жылы 17 Мәдениет нысаны жөндеуден өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді