– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Бір сөзбен айтқанда, елімізде педагогтардың алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Соның нәтижесінде біздің ұстаздарымыз, олардың тәрбиелеген шәкірттері республикалық, халықаралық байқаулардың, пән олимпиадаларының жеңімпаздары атануда. Атап өтер болсақ, облыста «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген 6 педагог бар. Оның 3-еуі бұл жоғары атақты биыл алып отыр. Ал, биыл халықаралық, республикалық байқауларда жалпы 71 педагог жеңімпаз атанған. Халықаралық академик Асқар Жұмаділдаев атындағы және IMPACT ашық шығармашылық байқауында педагогтеріміз командалық есепте республикада I-орынды, республикалық «Математикалық регата» байқауында командалық ІІІ-орынды иеленсе, республикалық «Үздік әдіскер», «Үздік сынып жетекші» байқауларында көш бастады. Сондай-ақ, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 8 педагог жеңімпаз атанды. Ал, 4 педагог «2024 жылдың үздік педагогі» республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды. Жалпы, соңғы 13 жылда «Үздік педагог» атағын иеленген 51 педагогтің 19-ы ауыл мектептерінде қызмет етеді. Жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздарға үш жылдан бері «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» деген құрметті атағы берілуде, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Сондай-ақ, өңірде білікті педагогтердің ерен еңбегі – облыс оқушыларының жетістіктерімен де көрініс табуда. Атап айтсақ, облыс оқушылары 15 жыл қатарынан республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша «Ең үздік команда» атағын иеленуде. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды және мектептер үшін PISA зерттеуінің нәтижелері бойынша республика бойынша І-орынды иеленіп, үздік нәтижелер көрсетті.
Кездесу аясында Ербол Қарашөкеев «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған 6 педагогті, сондай-ақ, 5 педагогке «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен бірге 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 1 107 600 теңге сыйақыны қоса тапсырды. Бұдан бөлек, биыл «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген үш педагогке және республикалық «Үздік педагог» конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған төрт педагогке арнайы құттықтау хаттар табысталды.
Білім саласының өкілдері бас қосқан салтанатты жиында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Наталья Волотько мен республикалық «Үздік педагог-2024» конкурсының жеңімпазы, Шу ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Мереке Кенжебекова сөз сөйлеп, аймақ басшысына алғыс білдірді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- 21 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді