Мұнан соң аталған монументке облыстың зиялы қауым өкілдері, аймақтың сыйлы ақсақалдары, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық-саяси ұйымдар мен партиялардың мүшелері, БАҚ өкілдері, университеттердің ғалым-профессорлары, оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері және қала тұрғындары да гүл шоқтарын қою арқылы елдің еркіндігін жақындатқан тұлғаларға, Тәуелсіз мемлекетімізге деген құрметін көрсетті.
Сонымен қатар, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Халық Қаһарманы, Желтоқсан оқиғасының құрбаны, жерлесіміз Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне де гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті. Мұнан соң, батыр ескерткішіне жамбылдық желтоқсаншылар, қоғам белсенділері, Тараз қалалық мәслихатының депутаттары, мәдениет және өнер саласының өкілдері, оқытушылар мен студенттер, Аmanat партиясы жастар қанатының мүшелері де гүл шоқтарын қойды. Жиналған көпшілік Тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтарды бір минуттық үнсіздік жариялап, еске алды. Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облысымыздағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев еліміздің азаттығы жолында құрбан болған тұлғаларға, Халық Қаһараманы, Желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбековтың рухына арнап Құран бағыштады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




