– Махметғали Нұрғалиұлы, биыл «25 қазан – Республика күнін» қайта жаңғырған ұлттық мереке ретінде үшінші жыл атап өттік. Бұл «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесінің мәртебесіне әсер етті ме?
– Бұл екі мерекенің де Қазақстанның тарихында ерекше орны бар. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды кұжат болатын.
Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Осы декларацияның арқасында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздік пен ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды. Ал, Президент елдің басшысына айналды.
«Декларация» сөзінің мәні «жариялау» дегенді білдіреді. Декларация дегеніміз заң емес. Бұл саяси құжаттың заңды күші жоқ. Оның мақсаты – барша әлемге, халықаралық қауымдастыққа, одақт ас мемлекеттерге Кеңе стер Одағынан шығу шешімін қабылдағаны туралы жариялау, паш ету. Демек, декларация тәуелсіздікті алудағы жолдың бірінші қадамы болды. Егемендіктің саяси- құқықтық негізін қалады. Декларацияда ұсынылған қағидалар 1991 жылы 16-шы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда бекітілді. Сондықтан бұл екі тарихи дата әр қазақстандық үшін тарихи мәні, тағдырлы мағынасы бар күндер.
– Не себептен Республика күнінің мәртебесі бірнеше рет өзгерді? Бұл күнге ұлттық мереке мәртебесі неліктен қайтарылды?
– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өте бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет «ұлттық мереке» болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, «мемлекеттік мереке» санатына өтті. Ал, 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды.
Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ.
Алдыңғы жылдың кыркүйек айында, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет Басшысы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Президенттің бастамасы халықтың қолдауына ие болып, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына өзгерістер енгізілді: яғни «25 қазан – Ре спублика күні» – ұлттық мереке, «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» – мемлекеттік мереке, 17- 18 желтоқсан – 1986 жылы желтоқсан оқиғаларында құрбан болған ұлт батырларын еске алу, оларға тағзым ету күндері болды.
Халықаралық тәжірибені алсақ та, көп мемлекеттерде тәуелсіздік туралы декларация қабылдаған күн жалғыз ұлттық мереке болып есептеледі. Мәселен АҚШ-ты алайық. Оларда тәуелсіздік туралы заң жоқ. Олар тәуелсіздік туралы декларацияны 1776 жылы қабылдады. Сол күн АҚШ-тың тәуелсіздік күні, басты мерекесі болып есептеледі. Сол сияқты 1990 жылы 12 маусымда Ресейдің Жоғарғы кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады. Осылайша Б.Ельцин басқарған Ресей Федерациясы Кремльден бөлініп кетті. Кейін Путин билікке келгеннен кейін ол күнді «Ресей күні» деп өзгертті.
Сондықтан, Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады.
– Қазақст ан одақт ас республикалардың ішінде КСРО құрамынан ең соңында шықты. Оған не себеп болды?
– Біз одақтас республикалардың ішінде ең соңғы болып егемендік алғанымыздың өзіндік себептері бар. Азаттық алуды қаламадық емес, қа ладық, әрине. Алайда еліміздегі демографиялық ахуалға, яғни жергілікті ұлт өкілдерінің аздығына байланысты әліптің артын бағуға тура келді. Өздеріңіз білесіздер, өткен ғасырдың 20-жылдардағы азамат соғысы, 30-жылдардағы аштық пен қуғын-сүргін, одан кейін Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан халқымыздың саны айтарлықтай азайды. Сол түстік өңірлер тіпті бос қалды десе де болады. Соғыс аяқталған соң тың жерлерді игеру басталғанда сол жердің бәріне Ресейдің ішкі жақтарынан халықты әкеліп қоныстандырды. Міне, осындай саясаттың негізінде 90 жылдардың басында біз өз жерімізде 44 пайызды ғана кұрасақ, солтүстік облыстарда 25 пайызға да жетпейтін едік. Оның үстіне қазақтардың көпшілігі ауылдарда тұрды. Ал, саясатқа араласып, саясатты жасайтындар негізінен қалада тұратыны белгілі. Еліміздің үлкен қалаларында негізінен өзге ұлт өкілдері көп болды. Бізден басқа 15 одақтас республиканың ешқайсысында мұндай күрделі демографиялық ахуал болған емес.
Сол кездері тіпті солтүстіктегі кейбір қалаларымызда жұмысшылар көшеге шығып: «Егер Қазақстан КСРО құрамынан шығатын болса, біз өз жерімізбен бірге Ресейге қосыламыз» деп ұрандатқан шерулер де болды. Сол уақытта солтүстік аймақта сепаратизм көріністері өте күшті еді. Егер біз елден бұрын тәуелсіз боламыз деп әрекет еткенде жағдай басқаша болып кетуі мүмкін еді. 1991 жылы қыркүйек айында Оралда қандай жағдай болғанын білетін шығарсыздар. КСРО- ның жан-жағынан жиылған казактар жиын жасап, Орал автономиялық республикасын құрғысы келді. Сол кезде біздің Үкімет тарапынан арнайы комиссия кұрылып, оған Серікболсын Әбділдин төраға болып, казактар бүлігі басылды. Міне, ел ішіндегі қауіп-қатердің салдарынан әліптің артын бағуға тура келді деген о сы. Біздің егемендікті де, тәуелсіздікті де кеш жариялауымыз үлкен саясатпен жүзеге асырылған дүние. Соның арқасында біз жерімізді шашау шығармай, қақтығысқа, азамат соғысына жол бермей, біртұтас күйде азаттық ала алдық.
– Сіздің ойыңызша, тәуелсіздік бізге не берді?
– Тәуелсіздік – біздің бойтұмарымыз. Осы қысқа сөйлемнің артында терең ой жатыр. Өйткені, тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата- бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.
Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық.
Ұлттық жаңғыртуды жүзеге асырып, жаңа құндылықтар қалыптастырдық. Ғасырлар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық.
Асан Қайғының Жерұйығы мен әл-Фарабидің ізгі қоғам идеясын, Абайдың толық адам концепциясын, Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық миссиясын, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарының ұлы мұраттарын үлгі-өнеге тұтамыз.
Сонымен қатар, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, тәуелсіздікті мәңгі ұстап қалу одан әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткерген тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа жөнсіз тартқан береке сіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген.
Сондықтан, қазіргі геосаяси жағдайда тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау, тәуелсіздікті қорғау, мемлекеттік егемендігімізді дамыту – біздің ортақ ісіміз.
– Махметғали Нұрғалиұлы, «Тәуелсіздік күні» мерекесінің қарсаңында облыс тұрғындарына қандай тілек айтар едіңіз?
– Мереке құтты болсын!
Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Еліміздің егемендігі баянды болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын!
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Нұрболат АМАНБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
«Менде жеке тұлғаларға табынушылық жоқ»
- 19 желтоқсан, 2024
«Жазушының міндеті – халқының құндылықтарын ұрпаққа жеткізу»
- 12 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді