Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары және көрнекті тұлғаның ұл-қыздары Ресей Федерациясынан келіп, қатысты.
Мерейтой қатысушылары алдымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері ескерткішіне және Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың бюстіне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті. Сондай-ақ, Александр Нахмановичке арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсіміне қатысты. Онда облыстық билер кеңесінің төрағасы, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Оңласын Есіркепов және ауыл тұрғыны Александр Прихотин мерейтой иесін еске алып, естеліктерімен бөлісті. Көштің соңында қалған «Трудовой пахарь» колхозын қалай көтергенін, халыққа жасаған жақсылықтарын, ауыл тұрғындарына арнап салған нысандардың игілігін әлі күнге ел көріп отырғанын сөз етті.
Осыдан кейін мемориалдық тақтаның лентасын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және А.Нахмановичтың қызы Галина Александровна қиды. Бұдан соң мерейтой Түймекент ауылдық мәдениет үйінде «Еңбегі еленген тау тұлға» атты танымдық конференциямен жалғасын тапты.
Конференция аясында үлкен көрме жабдықталған болатын. Мерекелік кешке келгендерге көрме кеңінен таныстырылды. Одан кейін айтулы тұлғаға арнайы дайындалған бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Онда Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Александр Львовичтің азаматтық асыл қасиеттері көрініс тапты.
Жалпы, 1935 жылы әкесі отбасымен Беларусиядан осында жер аударылған. Александрдың бар өмірі ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланыста болды. Оның көш соңында қалған колхозды қалай көтергендігі туралы замандастары бейнероликте жан-жақты баяндады.
Конференцияның ашылуында алғашқы сөз облыс әкімі Ербол Қарашөкеевке берілді.
– Бұл конференцияның мақсаты – Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Александр Нахмановичтің ауданға сіңірген еңбегін, өмір жолын насихаттау. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда еңбек адамының беделін көтеру туралы жақсы ой айтты. «Қазіргі жаңа ғасырда «Әділетті Қазақстан және адал азамат» жаңа қоғамы орнады. Адал еңбек ететін, жаңа табысқа адал жолмен жететін, адал адамдардың жаңа заманы басталды. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды», деп айтқанындай, мұндай атқа лайық тұлғалар көп. Соның бірі – Александр Львович, – деді аймақ басшысы.
Мұнан соң Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Олжас Бектеновтың құттықтауларын жеткізді. «Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, экономика ғылымдарының докторы Александр Львовичтің өмірі бәрімізге үлгі боларлық азамат», деген Мәлік Отарбаев келесі кезекте ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаевтың да ыстық сәлемін жеткізді.
Бұдан кейін еңбек ардагерінің ерен ерлігі мен адамгершілік, қайраткерлік қырлары туралы көзкөрген Анатолий Шупта, Амангелді Карентайұлы, Хамидулла Байназаров және экономика ғылымдарының докторы, Евразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, «Есіл» университетінің профессоры Мұрат Әлиев тебірене естеліктерімен бөлісіп, баяндап өтті.
Мерекелік кеш соңы аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеатадағы әдебиет мерекесі
- Бүгін, 01:05
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді