
Байқау нәтижесі қорытындыланған салтанатты шарада Партия төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев биылғы байқауда рекордтық көрсеткіш орнағанын, 250-ден астам жұмыс келіп түскенін атап өтті.
«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен биыл «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауына зерттеушілердің 36 жұмысы жолданған болатын.
Алаш идеясын және Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін насихаттап, тың деректерді зерттеуге үндеген партия филиалының ұйымдастыру жұмысы нәтижесіз қалған жоқ. Іріктеу кезеңізде 36 зерттеушінің алтауының еңбектері лайықты деп танылып, жартылай финалға жолдама алды.
Ал жартылай финалда 6 үміткердің екеуінің жұмысы озық деп танылып, Қарағанды қаласында өтетін финалдық кезеңге қатысатын мүмкіндікке ие болған еді.
Финалдан жамбылдық қос үміткердің екеуі де олжалы оралды. Атап айтсақ, «Алаш қайраткерлерінің Алаш республикасының мемлекеттік құрылы туралы идеясы және оның қазіргі Қазақстан үшін өзектілігі» номинациясы бойынша Қордай мектеп-лицейінің мұғалімі Елнұр Әскенұлы І орынды жеңіп алды. Ал «Алаш республикасы – алдыңғы Қазақ мемлекеттері (Көне Түркі қағанаттары, Ұлық Ұлыс, Алтын орта, Қазақ хандығы» мен қазіргі тәуелсіз Қазақ елінің заңнамалық сабақтастығын жалғайтын көпір» номинациясы бойынша Тараз қаласындағы №8 гимназияның мұғалімі Қанат Бердәлиев ІІ орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Ұқсас жаңалықтар
Дүбірі бөлек жыр дода
- 29 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді