Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда өңірлерде қалдықтарды басқару бағдарламалары толық бекітілмеген. Жалпы, ел бойынша 11 қала мен ауданның тек 3-еуінде ғана бағдарлама қолға алынған. Ал, Жамбыл облысында Тараз қаласы мен өңірге қарасты 7 ауданға басқару бағдарламасын әзірлеу үшін қаражат қаралуда. Сондай-ақ, осы жылдың бірінші жартыжылдығында облысымызда пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 31,3 мың тоннаны құраса, оның 6,4 мың тоннасы қайта өңделген. Ол бар болғаны жиналған қалдықтардың 20 пайызын ғана құрайды. Жалпы, өңірде экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін 159 қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін нысан бар.
– Жамбыл облысында биыл 319 заңсыз қоқыс орны анықталса, бүгінгі күні оның 252-сі жойылды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін уақтылы таратпағаны үшін 12 әкімге және ауылдық округтерге айыппұл салынды. Ал, Президентіміздің «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындау аясында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Сонымен бірге, «Таза Қазақстан» телеграм-чат-боты әзірленді, ол арқылы ел азаматтары экологиялық мәселелер бойынша өтінім бере алады. Чат жұмыс істеген сәттен бастап Жамбыл облысынан 259 өтінім келіп түсті, оның 225-і орындалды, – деді Мансұр Тұрсынұлы.
Сондай-ақ, министрдің орынбасары облыс тұрғындарын алаңдатып отырған бірқатар мәселелерге де тоқталып, табиғаттың ластануының негізгі көздері өнеркәсіптік шығарындылар екенін айтты. «Өңірде қауіптіліктің 1 санатына жататын 44 оператор жұмыс істейді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кешенді экологиялық рұқсат шеңберінде 1-ші санаттағы ірі кәсіпорындар ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге міндетті болады. Біздің климаттық және экономикалық жағдайларымызға бейімделген мұндай тәсілдер қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және әлемдік экологиялық стандарттарға жақындауға мүмкіндік береді. Өңірде «Қазфосфат» ЖШС белгіленген мерзімде ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге тиіс», – деп атап өтті.
Баспасөз мәслихаты соңында Мансұр Тұрсынұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді