
Жобалық құны 1 736 930 мың теңгені құраған бұл мектептің құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған. Құрылыс жұмыстарын «Quality Desingn Technology Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Облыстың ең шалғай ауылынан бой көтерген жаңа мектептің ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтаған аудан әкімі Ермек Карентаев бұл қуаныш облысымыздың 85 жылдық мерейтойының аясында іске асып отырғанын айтты.
– Жаңғыруға қадам басқан еліміз болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына бар жағдайды жасауда. Тәу етер Тәуелсіздігіміздің атаулы күні қарсаңында ауылымыздан Кенесары Қасымұлы атындағы шағын орталықты орта мектебіне тұрғызылған ғимараты бүгін пайдалануға беріліп отыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Бүгінгі күннің негізгі талабы – еліміздегі білім сапасын биікке көтеру болып тұр. Өйткені, білімі мықты елдің ұрпағы білікті болып, Отанның тұтқасына айналып, тұтас әлемді зерделей алатын өркениетті елдердің өрелі тірлігін көріп отырмыз. Алдыңғы буынның ізгі жолын жалғайтын білімді де талантты шәкірттер көптеп шығуына, балаларымыз оқуда озат, жаңа оқу ошағы жағымды жаңалықтарға толы болуына тілектеспін. Алдағы Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! Еліміздің егемендігі мен бақыты мәңгілікке тұрақтасын, – деді аудан әкімі Ермек Карентаев.
Ұстаздар мен оқушыларына есігін ашқан жаңа білім нысанының қуанышына орай Мыңарал ауылының ардагер ұстазы Мамыр Бейсембаев бата беріп, аудан әкімі Ермек Карентаевпен бірге ғимараттың лентасын қиды. Жаңадан тұрғызылған мектептің кілті аталған мектеп директоры Төлеукүл Карибаеваға табыс етілді. Жақсы жаңалыққа жиналғандар мектептің ішін аралап, оның заманауи инфрақұрылымымен танысты.
Ауыл тұрғындарының жүрекжарды лебізін қоғамдық кеңес төрағасы Ерлан Байжомартов жеткізді. Балалардың алаңсыз оқып, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысып, ізгі істермен шұғылданып өсуіне барлық жағдай жасалған, заманауи үлгіде жабдықталған мектептен үлгілі тұлғалардың түлеп шығарына сенеміз.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Батагөйлер байқауы Қордайда өтеді
- 3 маусым, 2025
Тараздың ақ халуасы еліміздің барлық өңірлерінде сатылады
- 3 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді