«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Білікті имам – қоғам руханиятының кепілі

Білікті имам – қоғам руханиятының кепілі
Ашық дереккөз
Жаһанда терроризм мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр, діни экстремизм әрекеттері әлемнің әртүрлі бөлігінде көрініс табуда. Таяу Шығыс елдерінде жағдай жыл сайын күрделене түскендіктен, халықаралық қатынасты мазалайтын мәселелер легі артуда.

Осындай жағдайда, еліміздің рухани қауіпсіздігін нығайтып, діни бағыттағы даму жолын саралап, заманауи талаптарға сай түлету күн тәртібіндегі мәселеге айналған.

Бұл ретте, Қазақстан қоғамында дін қызметкерлерінің орны ерекше екендігі белгілі. Осы дін қызметкерлерін қарапайым адамнан бастап, қоғамның түрлі саладағы тұлғаларымен тең дәрежеде сұхбаттаса алатын, халық арасындағы сұранысқа ж ауап бере алатын, қоғамдық мәселеге белсене араласатын тұлғаға айналдырсақ  радикализм мен экстремизмге тосқауыл қоюға өз септігін тигізері сөзсіз.

Осыған орай, Жамбыл облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақст ан мұсылмандарының діни басқармасына қарасты 100 өкіліне 2024 жылдың 9-13 желтоқсан аралығында облыс әкімдігінің дін істері басқармасының тапсырысымен біліктілікті арттыруға арналған оқыту курсы ұйымдастырылды.

Аталған курстың мақсаты–қатысушылардың интернет- кеңістікте қарсы насихаттық жұмысты жүзеге асыруға, теріс ықпалға ұшыраған азаматтарға тиісті деңгейде түсініктеме беруге, де структивті діни ағымдарды ұстанушылармен жүйелі түрде оңалту жұмыстарын орындауға, мешітке келушілер арасында деструктивті діни идеологияның алдын алу және жолын кесуге қабілетті білікті имамдар корпусын қалыптастыру болып табылады.

Курсқа арнайы лектор ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Ха лықара лық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының теология докторы (PhD) Бауыржан Сайфунов, магистр психолог Гульмира Сарытай, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің педагогика ғылымдарының магистрі Әлімбай Найзабаев секілді және жобалық менеджмент бағыттары бойынша арнайы мамандар шақырылып, жалпы 40 академиялық сағаттық оқыту курстары жүргізілді.

Аталған курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар таратылды.

 

Нұрболат АСАНҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар