«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тариф саясаты тұрақты бақылауда

Тариф саясаты тұрақты бақылауда
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында тариф саясатын ретке келтіруді тапсырған болатын. «Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда, тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды», – деді Президент. Бүгінгі күні бұл талап республикамыздағы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бақылауына алынған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Алмат Абдрайханның айтуынша, департаменттің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған. Сонымен қатар, департаменттің негізгі мақсаттары – тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Ал департаменттің тарифтік саясатының бір бағыты – қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу.

– Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 59 түрін көрсететін 39 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Биыл жыл басынан бері департаментке 21 табиғи монополия субъектілерінен 47 тарифті бекітуге 47 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы 6 хабарлама келіп түсті. Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 35 өтінім бойынша 25 тариф бекітіліп, 7 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 3 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылды, 8 өтінім субъектінің өз еркімен кері қайтарылып, 10 өтінім қаралуда. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, осы жылы 8 табиғи монополия субъектісінің негізсіз табыс сомасы 129 141,28 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді, – дейді департамент басшысы.

Жоғарыда айтылғандай, департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта 2024 жылдың 10 айында департамент тарапынан 1 табиғи монополия субъектісіне қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Басқарма басшысының айтуынша, тұтынушыларға техникалық шарттар беру мерзімдерін бұзғаны және газ тарату желілеріне қосуға заңсыз ақы талап еткені үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ-на 2 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Сондай-ақ, облыстық жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 5 табиғи монополия субъектісіне қатысты тексеру жүргізіліп, 4 заң бұзушылық анықталған. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 4 нұсқама енгізіліп, оның 3-уі толығымен орындалды, 1-уі орындалу барысында.

– Бүгінгі күнге департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен биыл облыстық мәслихат депутаттарының, Amanat партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен 64 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 10 тұтынушының қоғамдық қабылдауы, 10 АҚО азаматтардың жеке қабылдауы, 14 жария тыңдау, 12 семинар, 3 дөңгелек үстел, «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатын іске асыру бағытында 3 брифинг, тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы табиғи монополиялар саласындағы тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның 12 отырысы өткізілді.  Жалпы, биыл 10 айда департаментке 1093 құжат келіп түсті, оның 678 бақылауға алынған, шығыс құжаттың саны – 921, барлығы белгіленген мерзімде орындалды, – дейді басқарма басшысы Алмат Абылайханұлы.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

 

Ұқсас жаңалықтар