«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «АСҚАҚ РУХТЫ ӘУЛИЕАТА» республикалық әдеби-мәдени байқауының ЕРЕЖЕСІ

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «АСҚАҚ РУХТЫ ӘУЛИЕАТА» республикалық әдеби-мәдени байқауының ЕРЕЖЕСІ
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Өркениетті елдер болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өрісін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық» деп атап өткен болатын. Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігі әдебиет пен өнерді қолдау, таланттарды анықтау мақсатында поэзия, проза, драматургия, сатира, балалар әдебиеті бағыттары бойынша республикалық әдеби байқау жариялайды.

 Байқаудың мақсаты мен міндеті:

Мақсаты – қазақ әдебиетінде көрнекті сөз қалдырған, айтулы тұлғаларымыздың атын ұлықтау, насихаттау. Қазақ әдебиетінде әртүрлі жанрлар мен бағыттарда жазылған шығармалар қатарын толықтыру.

Міндеті – ел мәдениетіне, қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген танымал тұлғаларымыздың шығармаларын жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру, олардың патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу.

Байқаудың шарттары мен талаптары:

1. Республикалық байқауға жас шамасына қарамастан поэзия, проза, драматургия, әдеби көркем аударма жанрында жазылған үздік шығармалардың авторлары қатыса алады.

2. Байқаудың әр номинациясына бірнеше үміткер қатысып, әр номинация бойынша бip жеңімпаз анықталады.

3. Байқауға автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалары ғана ұсынылады. Әдебиет, мәдениет саласының мамандарынан құралған әділқазы мүшелері байқауға түскен шығармаларды талқылап, сараптап, жеңімпаздарды анықтайды. Қолжазбалар редакцияланбайды, авторға кері қайтарылмайды.

4. Әрбір үміткер қатысатын номинациясын нақты көрсетіп жіберуі тиіс.

5. Азаматтардың жеке басына нұқсан келтіретін, ұлтаралық араздық тудыратын мәселелер қамтылған шығармалар қабылданбайды.

6. Әділқазы мүшелерінің үштен екі дауысын жинаған шығарма ғана үздік деп қабылданады. Қорытынды іс-шараға тек жеңімпаздар қатысады.

7. Жүлде алған шығармалар ұжымдық жеке жинақ болып жарық көреді.

Байқаудың өткізілу мерзімі:

1. Байқауға қатысу үшін өтінім 2024 жылдың 10 желтоқсанына дейін ounb_ualihanova@mai1.ru электрондық поштаға жіберілуі тиіс. Әрбір үміткер шығармасымен қоса өзі туралы мәліметтерді және бір фотосуретін (9 х15) жолдауы қажет.

2. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен 2024 жылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында анықталады. Жеңімпаздардың шығармаларын ұйымдастырушылар өз құзырында пайдалана алады.

3. Жеңімпаздардың жол, жатын орын және тамақтану шығындары өз есебінен төленеді.

Байқау жеңімпаздарына төмендегі номинациялар бойынша Жамбыл облысы әкімінің жүлделері беріледі:

1. «Поэзия» номинациясы бойынша ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ (өлеңдер топтамасы) – 1 000 000 теңге. Аталған номинация төмендегі талаптар бойынша тағайындалады.

Бірінші – еркін тақырыпта өлеңдер топтамасы (Ұсынылған шығармалар еш жерде жарияланбаған болу тиіс);

Екінші – Жамбыл облысының құрылғанына 85 жылдығына орай арнау өлеңдер, балладалар, поэмалар (Поэма 20 беттен көп емес, 10 беттен аз болмауы керек. Өлеңдер мен балладалар 10 беттен аспауы керек).

2. «Поэзия» номинациясы бойынша КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ (өлеңдер топтамасы) – 1 000 000 теңге. Аталған номинация төмендегі талаптар бойынша беріледі.

Бірінші – еркін тақырыпта өлеңдер топтамасы (Ұсынылған шығармалар еш жерде жарияланбаған болу керек).

Екінші – Жамбыл облысының құрылғанына 85 жылдығына орай арнау өлеңдер, балладалар, поэмалар (Поэма 20 беттен көп емес, 10 беттен аз болмауы керек. Өлеңдер мен балладалар 10 беттен аспауы керек).

3. «Проза» номинациясы бойынша (повесть) БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

Бірінші – патриоттық сезімдегі елге, Отанға сүйіспеншілігі туралы ьшығармалар қабылданады (Шығармалар көлемі 30 парақтан кем болмауы шарт. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады).

Екінші – Жамбыл облысының құрылғанына 85 жылдығына орай деректі әңгімелер мен хикаяттар, повестер қабылданады (Повесть 30 беттен көп емес, 20 беттен аз болмауы керек. Әңгімелер мен хикаяттар 15 беттен аспауы керек).

4. «Проза» және «Көркем аударма» номинациясы (повесть, әңгіме) ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

Бірінші – әлем әдебиетіндегі классикалық шығармалардың қазақ тіліне аударылған нұсқалары ұсынылады (Әңгіме 7-15 парақ аралығында, повесть 30 парақтан кем болмауы шарт).

Екінші – аударма тілінің көркемдігі, төл туындының мазмұнының толық берілуі. Аударылып отырған шығарманың грамматикалық, сөздік қор және дыбыстық ерекшеліктері жағынан дұрыс қолданылуы. Ұлттық танымға негізделуі.

5. «Сатира» жанры (поэзия) номинациясы бойынша ШОНА СМАХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

1. Тапқыр теңеулерімен, әсерлі сөздерімен оқырманға ой салатын сатиралық шығармалар ұсынылады;

2. Шығарма 7-15 парақ аралығында болуы шарт;

3. Юморлық шешімдері, сарказм, сатиралық түйіндері арқылы тәлімтәрбиелік үлгі көрсете білген;

4. Өмірде күнделікті кездесетін жайларды әжуа арқылы жеңіл тілмен, ұғынықты сөзбен жеткізген;

5. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

6. «Проза» номинациясы бойынша (әңгімелер) НЕСІПБЕК ДӘУТАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

1. Стереотиптік таным, дәстүр, наным, сенім, ұлттық үрдістер бейнесін айшықтайтын әңгіме желісі мазмұнды, тартымды, ұтымды болуы шарт;

2. Шығармалар көлемі 7-15 парақ аралығында болуы шарт;

3. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады.

7. «Драматургия» номинациясы бойынша АРҒЫНБАЙ БЕКБОСЫН АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

Бірінші – қазақ драматургиясының дамуына үлес қосатын драмалық шығармалар ұсынылады. Ұлттық рухқа тәрбиелейтін бағыттағы бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жайларды, айтулы оқиғаларды драматургиялық шығармасына арқау ету, елдің бірлігі, ынтымағы, ұлттық рухани құндылықтарды мақсат еткен пьесалар, автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады (Пьеса 25 парақтан кем болмауы шарт).

Екінші – Жамбыл облысының құрылғанына 85 жылдығына орай Әулиеата жерінің бүгінгі тыныс-тіршілігін бейнелейтін драматургиялық шығармалар болуы шарт (Шығарма 25 беттен аз болмауы керек).

8. «Жыр-терме» номинациясы бойынша ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

Бірінші – қазақ күй өнерінде өзіндік орны бар Ә.Желдібаевтың шығармашылығын жырға қосу, композиторға өлең арнау. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады (10 беттен кем емес өлеңдер топтамалары қабылданады).

Екінші – Жамбыл облысының құрылғанына 85 жылдығына орай Әулиеата өңіріне арналған бір өлең болуы керек.

9. «Жыр-терме» номинациясы бойынша АЯЗ БЕТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ – 1 000 000 теңге. Бұл номинация төмендегі критерийлер бойынша тағайындалады:

Бірінші – қазақ жыршылық өнерінде өзіндік орны бар А.Бетбаевтың шығармашылығын жырға қосу, ақынға өлең арнау. Автордың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы қабылданады (10 беттен кем емес өлеңдер топтамалары қабылданады).

Екінші – Жамбыл облысының құрылғанына 85 жылдығына орай Әулиеата өңіріне арналған бір өлең болуы керек.

Ұйымдастырушылармен байланыс:

Байқауға қатысты қосымша ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан (8 7262 43-88-84), Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан алуға болады

(8 7262 45 43 87).

Ұқсас жаңалықтар