
Оқырмандарға ұлттық киімнің маңыздылығын түсіндіру, тарихымен таныстыру және жастар арасында насихаттау мақсатында өткен «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты іс-шараға «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің арнайы пән оқытушысы С.Молдабаева, кітапханашы З.Удербаева, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Н.Чоембаева мен аталған колледж студенттері қатысты.
– Кәсібін мал шаруашылығымен байланыстырған халқымыз ертеден-ақ табиғаттың тілін ұғып, шаруасының жайын күйттей білген. Қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүріп, байтақ даланы еркін мекендеген біздің халық әр мезгілге және жас ерекшеліктеріне қарай шаруаға ыңғайлы киімді таңдап әрі жоғары талғаммен кие білген. Ұлттық киімдеріміздің әрбірінің астарында үлкен мән бар. Бүгінгі жас ұрпақ ата-әжелерінің өнегесін ұмытпай, тиімді тұстарын қазіргі тұрмысына пайдалана білу үшін өткізілген іс-шарамызда кітапхана қорындағы ұлттық киімге байланысты әдебиеттерді насихаттадық. Кітапханамызға қонаққа келген «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің студенттері ұлттық киімдердің көрсетілімін жасады. Біздің «Зере» әжелер клубының мүшелері де жас ерекшеліктеріне байланысты киім үлгілерін көрсетті, – дейді кітапханадағы «Зере» әжелер клубының жетекшісі Жанат Ауелова.
Басқосуда оқырмандар тарапынан ұлттық киім жайлы түрлі сұрақтар қойылып, ашық пікірлесу өтті. Танымдық әңгіме барысында жастарға ұлттық киім және оның түрлері туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Халықты ашаршылықтан аман алып қалған Аманов
- 29 мамыр, 2025
Батырдың ұрпағы болу - мақтаныш әрі жауапкершілік
- 29 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді