157 751 бұзау, 1 308 480 қозы-лақ, 29 183 құлын, 1 747 бота, 2 789 торай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорына енгізілді. Бүгінгі таңға АШЖБ дерек қорында жануарлардың барлық түрін есептегенде 4,7 миллион бас (552 637 МІҚ, 4 014 483 ұсақ мал, 196 232 жылқы, 9 032 түйе, 6 132 шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген.
Өңірдегі эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау мақсатында Мемлекеттік тапсырыс бойынша бекітілген ветеринариялық іс-шараларға қажетті ветеринариялық препараттардың көлемі республикалық қордан толық бөлініп, биыл облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық мақсатта 21 миллион манипуляция жүргізілген болса, жануарлар мен адамға ортақ ауруларын диагностикалау бағытында 5,5 миллион іс-шара орындалды.
2024 жылдың басынан ауыл шаруашылығы жануарларының қан сарысуларын зертханалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 345 бас (МІҚ – 86 бас, ұсақ мал – 259 бас) ауыл шаруашылығы жануарлары санитариялық талаптарға сай сойылып, кезең-кезеңімен қайта өңдеуге жіберілуде.
Атқарылған кешенді ветеринариялық іс-шаралар нәтижесінде анықталған ауру ошақтарында қолданыстағы заңнамалар мен ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес ветеринария саласындағы тиісті мекемелер тарапынан аурудың көзін жою мен сауықтыру жұмыстары толығымен жүргізілді.
Облыс аумағында жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті аурулардың алдын алуы және олардың диагностикасын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспарының жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде ағымдағы жылдың 28 қазанында қорғалып, алдағы уақытта облыс әкімінің салалық жетекшілік ететін орынбасарымен бекітілетін болады.
Бүгінгі таңда өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты және ветеринариялық дәрігерлердің күнделікті қатаң бақылауында.
Салтанат БОРАНБАЕВА,
облыс әкімдігі ветеринария басқармасының эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді