Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театр актерлерінің жыр алыбы Жамбыл Жабаев өмірінен қойған театрландырылған көрінісі жұртшылыққа оң әсер етті. Таластық квартет орындаған Нұрым Қойгелдиевтің «Мәдениет – асыл қазынам!» әні де көпшіліктің көңілінен шықты. Республикалық «Пьесаны шебер орындау» байқауының жеңімпаздары Нұрәлі мен Ғаламат Бейсеқожалар шырқаған «Жамбыл облысына арнау» композициясы да көпшілік жүрегіне жол тапты. «NOMAD» этнотобы орындаған халық әні «Нақ-нақ», «Асыл мұра» фольклорлық этнографиялық тобы орындаған «Жамбыл атам – жалғыз бабам» әндері көпшіліктің көңілін дөп басты.
Мақтанышымызға айналған өнерпаздар легі мұнымен шектелмеді. «Виолетта» би композициясын орындаған «Hustle dance» би тобы – халықаралық «Биле Талант» хореографиялық байқауының Бас жүлде иегері. Мұнан соң шулық әнші-композитор, халықаралық ән байқауларының жүлдегері Ербосын Қасымбек ақын Ахметжан Өзбековтың сөзіне жазылған «Таразға» әнін орындады.
Сондай-ақ, композиторлар Әуезхан Салабеков, Нұрғұлан Оспанов, Құралай Сәтмұханбетова, Нұржасар Байшүкенов, Нұрым Қойгелдиевтің Әулиеата өлкесіне арналған әндері көпшілік алдында орындалды. Бұл әуендерді Мәдениет саласының үздіктері Мадина Сағынбекова мен Жандос Омаров, Бақберген Байшығаш жоғары шеберлікпен шырқады. Концерт Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония әншілерінің орындауындағы Ғани Мәтебаевтің «Жайна, Жамбылым!» әнімен түйінделді. Сахнада отшашулар шашылып, жиналған көпшілік өнерпаздарға құрмет көрсетті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




