– Бүгін – қасиетті Әулиеата жерінде айтулы күн, мерейлі мереке. Біз бүгін облыстың құрылу кезеңін ғана емес, оның терең тарихын зерделеп, жеткен жетістіктері мен жеңістерін паш ету үшін бас қосып отырмыз. Сондықтан, бұл айтулы күн – баршамызға ортақ мереке. Бүгінгі салтанатқа ардақты ағаларымыз бен апаларымыз, Еңбек Ерлері, қоғам қайраткерлері, құрметті қонақтар мен аймақ жұртшылығы қатысып отыр. Шақыруымызды қабыл алып, арнайы келген қонақтарымызға облыс жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін. Әулиеата жері – құдіретті Қарахан мемлекеті салтанат құрған, Қазақ хандығы іргесін көтеріп, туын тіккен жер. Асқақ Алатау мен қарт Қаратаудың түйіскен торабында өсіп-өнген Жамбыл өңірінің елімізде алар орны ерекше. Бұл өңiр қашаннан қойнауы кенге, үсті ырыс-несібеге толы қазыналы аймақ, ата-бабаларымыздың іргесі берік құтты қонысы. Асқақ ойшыл, ғалым Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни секілді ғұлама, дарабоз тұлға Төле би, Бөлтірік шешен, Майкөт, Ұлбике ақындар, жырдың кені Кенен Әзірбаев сияқты дара перзенттерінен тамыр тартқан аймақтың тарихы терең. Ұлт бостандығы үшін ат үстінде күн кешкен Қойгелді, Өтеген, Көшек, Саңырық, Жауғаш, Сыпатай, Байзақ сынды батырларымыздың, Тұрар Рысқұлов сынды ұлт зиялыларының есімін еске алып, рухтарына бас иеміз, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Сонымен қатар, облыс басшысы Ербол Шырақпайұлы салтанатты іс-шарада «Мәдениет – асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Байқауда бірінші жүлде алған Талас ауданы мен екінші жүлде алған Жамбыл ауданына бір-бірден шағын автобустың кілті табыс етілді. Ал, үшінші орынды өзара бөліскен Байзақ пен Сарысу ауданына да бағалы сыйлықтар берілді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді