Тараз қаласындағы «Жастар аллеясы» алаңында медицина мекемелеріне санитарлық 20 жаңа автокөлік табысталды.
Жалпы, жыл басында облыстық бюджет есебінен медицина мекемелеріне 40 санитарлық автокөлік тапсырылған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін облыстық бюджеттен 33 автокөлікке қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылған болатын. Атқарылған жұмыс аясында кеше облысқа тиісті автокөліктің 20-сы жеткізіліп, медициналық мекемелерге үлестірілді. Қалған 13 автокөлікті жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев салтанатты іс- шарада сөз сөйлеп, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында жаңа көлікке ие болған қызметкерлерді құттықтады.
– Кез келген мемлекет ел азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды бірінші кезекке қояды. Бұл ретте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес аурудың алдын алуға, медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалуда. Мәселен, 2023 жылы 24 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп, 19 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 11 нысан күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 медициналық-санитарлық нысанның құрылысы басталып, 3 нысан ел игілігіне тапсырылды. Аталған жоба шеңберінде Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы ғимаратының қабылдау бөлімшесі қосымша құрылыспен қайта жаңғыртылуда. Сондай- ақ, Қордай ауданының Сортөбе ауылындағы аурухана аумағында 200 келушіге арналған емхана мен Масаншы ауылдық ауруханасында қосымша құрылыс жұмыстары аяқталды. Орта мерзімді перспективада Байзақ, Қордай, Жуалы аудандарында 3 ірі аудандық аурухананың құрылысын салу, сондай-ақ Меркі, Шу және Талас аудандарында 3 ауданаралық көпсалалы ауруханаларды қайта жаңғырту жоспарлануда. Ал, Тараз қаласында 400 төсек-орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысын, 200 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық, жедел жәрдем стансасын, 350 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысын салу ісі зерделенуде, – деді Ербол Қарашөкеев.
Облыста бекітілген норматив бойынша, алғашқы медицина лық-с анит арлық көмек ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі 272 бірлікті құрайды. Облыстың аудандық медициналық ұйымдарында 235 санитарлық автокөлік болса, оның ішіндегі 112-сі тозған. Сондықтан, тозығы жеткен автокөліктерді кезең-кезеңімен жаңарту бағытында тиісті іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылу үстінде.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Дәрі тапшылығының алдын алу маңызды
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді