Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2% және 5% мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.
Нысандар:
- «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 1 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағынауданы, 51 үй;
- «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 2 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағынауданы, 60 үй;
- «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 12 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағынауданы, 88 үй;
- «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 5 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы. 43 жер телім, 13 белгісі», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағынауданы, 81 үй.
Брондау: 2024 жылдың 22 қарашасы сағат 10:00-ден бастап, 2024 жылдың 28 қарашасы сағат 23:00 (Астана қаласының уақыты бойынша) дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде - қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
Ұқсас жаңалықтар
Хабарландыру
- 24 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді