
Оның айтуынша, бекітілген ережеге сәйкес басқарма өзінің жұмысын екі функционалдық бағытта, яғни бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару бойынша жүзеге асырып келеді. Ал оның негізгі міндеттеріне бюджетті атқару саласындағы функцияларды жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп, бюджеттік есеп және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу жатады.
– Осы жылдың 1 қазанына облыс бюджетінің кірістері 503, 3 миллиард теңгені құрап, жоспар 101 пайызға орындалды. Меншікті кірістер жоспары 133 миллиард теңгеге немесе 105,4 пайызға орындалып, 6,8 миллиард теңге жоспардан артық түсті. Меншікті кірістер жоспары барлық жергілікті бюджеттерде орында лған. Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу, Қордай аудандарында меншікті кірістер жоспарларының елеулі түрде артық орындалуы байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 125,8 пайызды құрап, 27,2 миллиард теңгеге артқан. Ал меншікті кірістер өсімінің жоғары көрсеткіштері Қордай, Жуалы, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары мен Тараз қаласында анықталып отыр. Облыстық бюджеттің меншікті кірістерінің өсімі бүгінгі күні 125,4 пайызды құрады, – дейді басқарма басшысы.
Жалпы, аудандар мен Тараз қаласы бойынша қаражаттардың игерілуі 95,1 пайызды құраған, бірақ ол облыстық көрсеткіштен төмен болып қалыптасып отыр. Ал жергілікті бюджеттер шығыстарының орындалуы бойынша аймақта төмендегідей көрсеткіштер қалыптасып отыр. Атап айтар болсақ, Т.Рысқұлов пен Мойынқұм аудандары бойынша – 100, Таласта – 98,1, Сарысуда – 97,4, Жамбылда – 96,8, Шуда – 95, Жуалыда – 94, Меркі және Байзақ аудандары бойынша – 92,3, Қордайда – 91,2, ал Тараз қаласында – 95 пайызды құрап, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қаражаттар 98,5 пайызға игерілген.
– Облыс бойынша бюджеттік қаражаттардың 522,7 миллиард теңге сі, яғни 98,1 пайызы игеріліп, республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болып қалыптасты. Игерілмеген қаражаттардың себептеріне келер болсақ, 10,1 миллиард теңгенің 235,9 миллион теңгесі – қаражаттардың үнемделуінен, 308,7 миллион теңгесі – тауарлардың уақтылы жеткізілмеуінен, 2,3 миллиард теңгесі–жұмыстардың уақтылы атқарылмауы, қызметтердің уақтылы жасалмауынан, 2,1 миллиард теңгесі–мемлекеттік сатып алу конкурстары рәсімдерінің аяқталмауы немесе кеш аяқталуынан, 5,2 миллиард теңгесі – өзге де себептерге байланысты, оның ішінде 4,7 миллиард теңге республикалық бюджеттен қаражаттардың түспеуінен игерілмей қалған, – дейді басқарма басшысы Әкек Батырхан.
Баяндамашы қаржының игерілуімен қатар басқа сала лардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, баспасөз мәслихаты соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
100 саулықтан 100 қозы алу мүмкіндігі бар
- 15 сәуір, 2025
Тауық өсіріп, табысқа кенелген
- 15 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді