Жыл соңына дейін 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2024
- 1.1k
2024 жылы 8 мәдениет нысанын пайдалануға беру көзделіп отыр. Бүгінге дейін Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас аудандарында 4 мәдениет үйі мен бір музей ашылды. Жыл соңына дейін Жамбыл, Қордай аудандарында 2 мәдениет үйінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Тектұрмас» этно-мәдени кешенінде салынып жатқан «Ежелгі бекініс» нысаны пайдалануға беріледі. Қалған 8 нысан қаржыландыру жоспарына сәйкес келер жылы ел игілігіне тапсырылады.
Осы жылы Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы аудандық Мәдениет үйін, Т.Рысқұлов ауданы, Д.Қонаев ауылдық Мәдениет үйін күрделі жөндеу жоспарланып, бүгінде жұмыстар аяқталуға жақын қалды. Сонымен бірге, 14 мәдениет нысанын, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрын ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 199 мәдениет үйі мен клуб, 275 кітапхана, 2 драма театр, 1 филармония, 2 кинотеатр, 19 музей мен өзге де орталықтар халыққа қызмет көрсетеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




