Соңғы жылдары жобалық менеджменттің тәсілдері, принциптері мен құралдары мемлекеттік басқару саласында да өзекті болып отыр. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, бүгінгі күні әлемде 24 миллионнан астам маман әртүрлі саладағы жаңашылдықтарды жобалық-бағдарлау қызметі арқылы жүзеге асырады. Әлем елдерінде жобаларды басқаруға жыл сайын шамамен 10 триллион АҚШ доллары жұмсалады. Тәжірибе көрсеткендей, ірі жобаларда стандарттық жобалық технологияларды қолдану 15-20 пайыз экономикалық тиімділікке алып келеді. АҚШ жобалық менеджмент институтының болжамы бойынша, 2030 жылдарға қарай бағдарламалар мен жобаларға әлем бюджетінің шамамен 30 пайызы бағытталатын болады. Еліміз де бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Ел Үкіметінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде және 2022 жылғы 1 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің тапсырмалары аясында мемлекеттік қызметте жобалық басқару қағидаларын қолдану жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінде бұл міндетті өңірлерде Жобалық басқару және цифрландыру орталықтары жүзеге асырады.
Облыстың Жобалық басқару және цифрландыру орталығы екі бағытта жұмыс атқарады. Оның біріншісі – мемлекеттік секторға жобалық басқаруды енгізу және дамыту болса, екіншісі – цифрлық саясатты іске асыру болып саналады. Аталған орталық бүгінде мемлекеттік секторға жобалық басқару қағидаларын енгізе отырып, мемлекеттік органдар арасында коммуникацияларды нығайту жұмыстарын іске асыруда. Мәселен, жергілікті атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес аталған орталық «Адами капитал», «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп», «Инфрақұрылым», «Агроөнеркәсіптік кешен», «Үлгілік базалық» сияқты бес базалық бағыт бойынша өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асырудың бірыңғай жобалық архитектурасы аясында жұмыс істейді.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және 2022 жылғы 1 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің тапсырмалары шеңберінде мемлекеттік қызметте жобалық басқару қағидаларын қолдану жұмыстары тапсырылған болатын. Аталған қағидаларға сәйкес орталық бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс атқарып, мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін, сапасын, ашықтығын арттыру мақсатында жүктелген міндеттерді орындап келеді. Бүгінгі таңда жобалық кеңсе бірқатар бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Олардың қатарында Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» жол картасы, 2024 жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің іс-шаралар жоспары аясындағы жобалар, «Қолжетімді интернет», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» ұлттық жобалары, «Easy project» ақпараттық жүйесінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде, – дейді облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Гүлпара Ташенова.
Орталық басшысының айтуынша, Ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істеуі салаға жауапты министрлікпен қадағаланады, тиісінше Президент әкімшілігі жүйе арқылы өңірлерде іске асып жатқан жобаларды бақылай алады. Айта кету керек, жобалық офис бұл бағытта өңірлер арасында жобалық тәсілдерді енгізу бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бұған мысал ретінде орталықтың былтыр Астана қаласында өткен «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» республикалық ұлттық конкурс байқауында «Үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленіп алғандығын айтуымызға болады. Қазіргі кезеңде орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 120-дан астам жобаларды «Битрикс» және EasyProject бірыңғай республикалық жобалық басқару жүйесінде атқаруда.
– Жобалық басқарудың негізгі артықшылықтарына бизнес-үдерістерді оңтайландыру және құрылымдау, ресурстарды үнемдеу, топтық жұмыс арқылы ашықтықты қамтамасыз ету, нақты жоспарлау арқылы нәтижеге қол жеткізу жауапкершілікті дербес түрде бекіту және тиімді ведомствоаралық қарым-қатынас орнату болып саналады. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың әртүрлі жобалық басқару әдістерін енгізуге жоғары мүдделі екендігі байқалғандығын атап өткен жөн. Айта кететін жағдай, елімізде мемлекеттік қызметшілердің жобалық басқарудағы дағдылары әлі де шыңдалуды қажет етеді. Сәйкесінше, мемлекеттік органдар жағынан әдістемелік көмек пен оқытуға үлкен сұраныс бар, – деді Гүлпара Алашбайқызы.
Елімізде қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді жобаларды басқару негіздеріне оқытуды әртүрлі оқу орталықтары мен шетелдік сарапшылар іске асырады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жобалық тәсілді іске асырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – бейімделген ұлттық стандарттарды әзірлеу екендігін көрсетіп отыр.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді