Тұрғындардың жанына батып жүрген Жиенбет мектебінің құрылысын бір жағына шығаруға Маткаримов білек сыбана кіріскен. Ол осы ретте аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевқа мектеп құрылысының тапсырысшысы ретінде жобалық-сметалық құжатты қайта қарауды өтінген. Осылайша, сметалық құжатқа түзетулер енгізе отырып, нысанға қатты отынмен жылытатын қазандық орнату мәселесінің оң шешілуіне ықпал жасауын сұраған. Осы хатқа жауап ретінде аталған басқарма басшысы Е.Орынбаев мектеп нысаны бойынша жобада балама дизельмен жұмыс істейтін қазандық қарастырылғанын, 2025-2026 жылдары даму жоспарында Шу ауданы Жиенбет ауылына газ жүргізілетінін ескере отырып, қазандық жобаға сәйкес орнатылатындығы жөнінде мәлімдеген.
Мақсат Бименұлының көтеретін мәселесі мұнымен шектеліп қалған жоқ. Ағымдағы жылы екі депутаттық сауал жолдапты. Атап айтқанда, Төле би ауылындағы Жидебай көшесі тұрғындарының өтінішіне орай, көшеге қазіргі заманауи жарықтандыру шамдарының істен шыққандарын ауыстыру жұмысы белсенді жүргізілді. Сонымен қатар, Балуан Шолақ көшесінің Т.Рысқұлов көшесінен бастап «Ататүрік» дүкеніне дейін күрделі жол жөндеу жұмыстарын жүргізу және істен шыққан шамдарды ауыстыру жұмысы назарға алынған. Бұдан бөлек, Төле би ауылдық округіне қарасты «Көкжиек» елді мекенінде 200-ге жуық ауыл тұрғыны тұруы мен осы елді мекенде балалар ойнайтын ойын алаңшасының жоқтығы туралы мәселені көтеріп, нәтижесінде аталған аймаққа балалар ойын алаңшасы салынды.
Өндіріс ауылдық округіндегі Абай атындағы орта мектебіне күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу, Төле би ауылындағы С.Шәкіров атындағы орта мектебіне спорт және акт залдарын салу мәселелері бойынша Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрар Дурмановқа депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде Абай орта мектебі жобалық-сметалық құны тағайындалып, жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланған. Алайда, аталған орта мектептің жөндеу жұмыстары екі мердігердің соттасуына байланысты уақытша тоқтап тұр. Дегенмен, жұмыс халық қалаулысының назарында.
Оның ұйытқы болуымен ауру нәрестеге қажетті аппарат, дәрі-дәрмегіне мәслихат депутаттары қаржылай көмек көрсетті. Қонаев ауылының әлеуметтік осал топқа жататын тұрғынына мүгедектік алуына, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерімен көмек көрсетті.
Мақсат Бименұлының алдағы уақытта да халық қалаулысы ретінде көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселені қозғап, сайлаушылардың аманатына әрқашан адалдық таныта беретіні анық.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді