Мұның ішіндегі 842,6 мың гектар елді мекендердің жері болса, 176,2 мыңы өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер, 11,6 мың гектар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері. Ал, 4429,1 мың гектарын орман жер қоры, 356,3 мың гектарын су қорының жері, 1460,8 мың гектарды босалқы жер қоры алып жатыр.
– Бүгінгі күні басқармаға қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жер көлемі – 3,6 миллион гектарды құрайды. Ал, елді мекен жайылым көлемі – 740,5 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жайылым жер көлемі – 37,9 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 1 мың, орман жер қоры – 1,6 миллион, босалқы жерлер – 942,5 мың гектар. Бұл басқармаға қарасты жер қорында мал жайылымдары орналасқан. Бұл облыс аумағының 58,2 пайызына тиесілі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2024 жылы облыс бойынша 3,4 миллион бас төрт түлік тіркелген. Қазіргі таңда облыстың барлық елді мекенінің мал басына шаққанда жайылымына талдау жүргізіліп, жайылымы өзекті 42 елді мекенде жайылым жетіспеушілігін шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жетіспеушілік 56,7 мың гектарды құрап отыр. Жетіспеушілікті шешу мақсатында ауылдық округке босалқы жер қорынан 22,9 мың гектар елді мекендерге қосылып берілуде, – дейді басқарма басшысы.
Жалпы, Айдар Тажиковтың айтуынша, 42 елді мекеннің 25-де жайылым жетіспеушілігі шешімін таппақ. Сонымен қатар, 17 елді мекенде жайылым жетіспеушілігін толығымен шешу мүмкіндігі жоқ. Аталған аудандарда халықтың тығыз орналасуына байланысты және қала маңы аймағына жақын орналасуы сондай-ақ, жалпы жерлердің басым көпшілігі егістік жерлер болуынан шешімін таппай отыр екен. Жалпы жайылым жетіспеушілігі 29,7 мың гектарды құрап отыр.
«Жайылымдар туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандарында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жайылымдарды пайдалану Жоспары мен Схемасы қайтадан 5 жыл мерзімге бекітіледі. Жалпы, 2025-2027 жылдары жаһандық экологиялық қор есебінен Талас және Сарысу аудандарынан пилоттық жоба негізінде 5 мың гектар жайылым жерлерді қалпына келтіру көзделген.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Біркелкі қоғам» атты Жолдауындағы тапсырмасымен Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне 2 жыл 9 айдың қорытындысымен облыс аумағында 495,1 мың гектар жерлер қайтарылды. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жайылым алқаптары жергілікті халықтың малын жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріліп жатыр, ал қалған жерлер өңірдің экономикасын дамыту мақсатында конкурс арқылы берілуде. Жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 9 айда 6 конкурс ұйымдастырылып, 23,2 мың гектар жер айналымға тартылды. Кәсіпкерлік мақсатта 73 жер учаскесі аукционға шығарылып, 157,7 миллион теңгеге бағаланып, сатылды, – дейді басқарма басшысы.
Жалпы облыс бойынша босалқы жер қорынан осыған дейін елді мекенге 378 мың гектар жер қосылған. Елді мекен жері 363 мың гектардан 741 мың гектарға дейін ұлғайған. Облыс аумағында Инвесторлар үшін жалпы көлемі 3,3 мың гектар болатын 68 жер учаскесі берілген. Сондай-ақ, күн және жел электр станциясын орналастыру мақсатында Мойынқұм ауданынан «Актас Энерджи» ЖШС, Жуалы мен Талас аудандарынан «China Power International Holding Limited» компаниясына жалпы көлемі 81946 гектарды құрайтын жер учаскелері бөлініп отыр. Талас ауданы аумағынан «Тараз Қуат» ЖШС-не Бу-газ электр станциясын салу үшін 4,1 гектар жер учаскесі табысталды. Индустриалды аймақ құру үшін Т.Рысқұлов, Меркі мен Сарысу аудандарынан 256 гектар жер учаскесі бекітілді. Тас тұзын өндіру үшін «Qazaq Soda» ЖШС- не Сарысу ауданы аумағынан 100 гектар жер учаскесі берілді. Байзақ ауданы аумағынан этно ауыл, демалыс орны және балық шаруашылығын жүргізу үшін 3,59 гектар жер учаскесі табысталып отыр.
– Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 15 жер қойнауын пайдаланушыға 913,5 гектар жер учаскесі берілді. Ашықтықты сақтау мақсатында өңірлік геоақпараттық порталға жер қойнауын пайдаланушылар туралы ақпарат енгізілуде. Жер қатынастары саласында 13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Басқарма тарапынан бүгінге дейін 20 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, облыс тұрғындарының жерге кезектілігі электронды жүйеге көшіріліп, оған (БМЖМК) Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры сайты арқылы қолжетімділік қамтамасыз етілді. Сайтқа кез келген азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы жер кезектілігін көре алады. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры порталы арқылы қалалар шегінде жер учаскелерін беру 100 пайыз электронды форматқа ауыстырылды. Бұл қызмет облысымыздағы Тараз, Шу, Қаратау, Жаңатас қалаларында іске қосылып, бүгінгі күнге 2697 өтініш түсіп, 659 өтініш қанағаттандырылып, кадастрлық паспорт алынған, – дейді Айдар Әмзеұлы.
Бүгінгі күні облыста жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекке қойылған азаматтар саны 242729-ға жеткен. Ең көбі Тараз қаласында –128432 адам. 2005-2024 жылдары аралығында жалпы 38139 жер телімдері берілген. Ал, Тараз қаласының шекарасын Жамбыл және Байзақ аудандарының кейбір ауылдарын қосу есебінен ұлғайту бойынша облыстық мәслихатпен әкімдіктің бірлескен шешімі мен қаулысы қабылданып, министрліктермен келісімделуде екен.
Марат ҚҰЛИБАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді