Атап айтқанда, оның 8 миллиард теңгесі кен өндіру және карьерлерді қазу, 16,9 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібіне, ал 1,8 миллиард теңгесі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауға тиесілі.
Ал, негізгі капиталға салынған инвестициялар 15 миллиард 123 миллион 300 мың теңгені құрап, нақты көрсеткіш индексі 142,7 пайызға жеткен. Жеке және шағын кәсіпорындардағы бөлшек сауда тауар айналымы 3 миллиард 476 миллион 700 мың теңгені құраған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8 миллиард 646 миллион 500 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі 141,7 пайызға орындалған.
– Аудандағы әлеуметтік мәселелердің бірі – халықты тұрғын үймен қамту болып табылады. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 18 265 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127 пайызға орындалды. Ал, аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеруде ауыл шаруашылығы саласының алатын рөлі зор. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 14 миллиард 69 миллион 900 мың теңгенің өнімі өндірілген. Оның 3 миллиард 807,5 миллион теңгесі егін, 10 миллиард 202,1 миллион теңгесі мал шаруашылығына тиесілі, – дейді аудан басшысы.
Сондай-ақ, ауданға инвестиция тарту және жаңа жұмыс орнын ашу бағытында елеулі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2023-2027 жылдары жалпы құны 31,2 миллиард теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда 451 адамды жұмыспен қамту көзделген. Соның бірі – «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырғалы отырған, жалпы құны 25,8 миллиард теңгені құрайтын цианид натрий өндірісін ұлғайту жобасы. Оның 2 кезеңін 2026 жылы пайдалануға беру межеленген. Екінші жобаны іске асырушы «KARATAU CHEMICALS» ЖШС. Серіктестік жалпы құны 2,88 миллиард теңгені құрайтын пиросульфат натрий өндіру жобасын қолға алмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Үшінші, мрамор өндіру жобасын «Asia NST» ЖШС жүзеге асырған. Жоба құны – 476,8 миллион теңге. Төртінші, «Жамбыл Недр» ЖШС аумағында жоспарлы қуаттылығы 400 тоннаға дейін 1 және 2 сортты әктас шығаратын әк өндіру зауытының құрылыс жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда нөлдік нүктеден шықты. Енді құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Жұмыспен 90 адам қамтылады. Жалпы, инвестиция сомасы 2 миллиард теңгені құрайды.
– Президентіміздің Жолдауда шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріп отырғаны белгілі. Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлікпен 3945 субъекті айналысады. Оның 208-і шағын кәсіпорын, 2024-і жеке кәсіпкер, 1713-і шаруа қожалық. Осы тіркелген субъектілердің бүгінде 90,8 пайызы жұмысын жолға қойып үлгерген. Бүгінгі күні ауданда 4 мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Атап айтсақ, есепті кезеңде, кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау бағытында жалпы құны 976 миллион теңгені құрайтын 32 жоба жүзеге асқан. Мәселен, бағдарламаның несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау шараларына қатысуға ниет білдіргендердің 12 жобасы қаржыландырылып, соның есебінен бір қоғамдық монша, 7 мал шаруашылығы алаңы, 1 наубайхана ашылып, 2 сауда орны кеңейтілді. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» тәсілімен 1 жоба оң шешімін тауып, қоғамдық монша ашылды. «Агробизнес» және «Кең дала» бағдарламасы бойынша «Әулие-ата НС» ЖШС-мен мал және егін шаруашылығы бағытында 6 жоба іске асырылды. Сондай-ақ, «Агробизнес» және «Кең дала» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 13 жоба іске асырылып отыр, – дейді Нұрбол Жүнісбеков.
Одан бөлек, инфрақұрылым тарту бойынша «Зерхат» шаруа қожалығы көкөніс қоймасының сыртқы инфрақұрылымын жүргізуге 47,8 миллион теңге несие рәсімдеп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантты алуға өтініш берген 137 азаматтың 70-і мақұлданып, жаңа кәсіп бастауға мүмкіндік алған.
Тоғыз айда ауданда мал басының өсіміне қол жеткізілген. Атап айтсақ, мүйізді ірі қара 30355 басқа жетіп, 30,9 пайызға, қой-ешкі 388937 басқа жетіп, 20,8 пайызға өскен. Ал, жылқы 15803 басты құрап, 26,1, түйе 2033 басқа жетіп, 1 пайызға өскен. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 391 миллион 403 мың теңгені құрады.
Осы жылдың өнімі үшін 11648 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күздік бидай 4500 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4185 гектарды құрайды. Ал, күздік үшін 4500 гектар алқапқа дән себілген. Жалпы, 3035 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары себілген. Биыл ауданда 3 жылыжай іске қосылып, көкөніс өнімдерін өсіру артып отыр. 9 ай қорытындысымен 25 тонна өнім алынып, Тараз қаласы мен аудан орталығы Қаратау қаласында және ауылдық округтерде өткерілген.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Өтпелі кезеңдегі дағдарысты ырықтандыру қалай өтті?
- Бүгін, 11:36
Тарих тұнығынан бастау алған құнды құбыр
- 28 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді