«Шоқтығы биік Шона» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті
- author «Ақ жол»
- 8 қараша, 2024
- 378
Көзіқарақты оқырманның ой түпкірінде «Шоқ тілді Шона» деп аты қалған талант иесінің бір топ шәкірттері мен оқырмандары білім ордасында орналасқан бюстке гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.
Салтанатты шарада мектеп оқушылары қарымды қаламгердің шығармаларынын үзінді оқып, келушілерге әдеби-сазды композиция ұсынды.
Одан әрі іс-шараның негізгі бөлімі А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жалғасты. Мұнда «Шоқтығы биік Шона» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми конференцияға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен жазушының қалың оқырманы қатысты.
Конференцияда сөз алған азаматтар қазақ руханиятының жоқшысы, сақшысы, сатирик жазушы Шона Смаханұлының қаламгерлігімен қатар, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалар ашу жолында тынбай күрескен қажырлы еңбегін атап өтіп, қайраткерлік қыры туралы кең көлемді баяндамалар жасады.
Айта кетейік, бүгін Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, «Баласағұн» орталық концерт залында Шона Смаханұлының ғасырлық мерейтойына арналған «Ер Шона» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді