Әдеби-сазды шығармашылық кешті белгілі айтыскер, республикалық «Алтын домбыра» айтысының үш дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязовтың жүргізуі мерейтой иесіне деген үлкен құрмет екенін аңғардық. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ашып: «Қасиетті Жамбыл жері талантты айтыскерлерге кенде емес. Солардың арасында шоқтығы биігі – Айтмұханбет Исақов. Бұл кісі өңірдің руханияты мен өнерін дамытуға үлкен еңбек сіңірген», – дей келе, ақынның иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Мұнан соң республикалық «Алтын домбыра» айтысының жеңімпазы Рүстем Қайыртай жырдан шашу шашты. Кеш барысында белгілі айтыскерлер Аманжол Әлтаев, Мұхамеджан Тазабек, Айнұр Тұрсынбаеваның онлайн құттықтаулары кеш иесінің абыройын биіктете түсті.
Айтмұханбет Құттыбайұлы осы кезге дейін жүзге жуық шәкірт дайындап, отызға жуық ән жазған кісі. Кеш барысында ақын-композитордың «Аса – асыл әнім» әнін «Үміт» квартеті орындаса, «Сенің бейнең» әнін Мәдениет саласының үздігі, шәкірті Ғани Мәтебаев жұрттың жүрегіне жеткізе шырқады. Сонымен қатар, «Қаратай ата мектебі» әнін Маралбек Бабақұлов пен Ғани Мәтебаев бірге шырқаса, «Арманым самға» әнін орындаған Ақбота Ержанова көпшілікті тәнті етті. Оның «Ащыбұлақ» әнімен Гүлмира Байболова да жұрттың құрметіне бөленді.
Айтыс ақындары Ербол Қамбатыр, Нұрлыбек Құрмановтар құттықтап, ақ тілектерін ақтарды.
Кеш соңында Айтмұханбет Исақов сөз алып, мерейтойына орай қолдау білдірген облыс әкімдігіне, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына, ғалымдар мен айтыс ақындарына, барша қонақтарға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді