Ұлы тұлғаның даналық ойларын жас ұрпақтың жадына жаңғыртып, тағылымын насихаттауды мақсат еткен дөңгелек үстел басына филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің тарих кафедрасының магистрі, аға оқытушы Ақнұр Көбесова, Керімбай атыңдағы №12 мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Қайырбаева, Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Камшат Саққұлова, осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Лэлла Сәменбаева, сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті Тарих факультетінің 2-курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел басына жиналған қонақтар ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, тарихшы, дипломат, біртуар тұлға Тұрар Рысқұловтың өмірі мен ерлігін, қайсарлығын насихаттап, артына қалдырған өшпес экономика және рухани құндылықтар тақырыбында жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына мұра екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




