– Кезінде осы ауылдық округте сүт цехының ашылуына ықпал еттік. Соңғы жылдары ауылымызда наубайхана мен кірпіш зауыты ашылды. Мұның бәрі – тұрақты табыс көзі. Елді мекенде бірнеше ұлттың өкілдері қоныстанған. Ауылдағы берекелі тірлікке ақсақалдардың қосатын үлесі зор. Сондықтан ауылдағы белсенді қариялармен үнемі ақылдасып, олардың ой-пікірлерін тыңдап отырамыз. Алдағы уақытта да белсенді азаматтармен бірлесіп, туған жерді гүлдендіру жолында еңбек етеміз, – дейді Жапарқұл Тәжиев.
Сондай-ақ, кооператив төрағасы өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында былтыр 23 миллион 300 мың теңге несие алғанын жеткізді. Бұл қаражатқа 2,5 тонна жүгері, 5,5 тонна арпаның жаңа сұрыпты сапалы тұқымдарын сатып алған ол бидай мен арпаның алқабын құнарландыруға қажетті түрлі минералдық тыңайтқыштарын алуды да ұмытпаған. Бұдан бөлек, ақсақал ауыл іргесіне 600 тал көшеттерін отырғызуда белсенділік танытқан ауылдастарының алма бақты көркейтуге кіріскенін айтты.
Атап өту керек, бұл күнде Жапарқұл Тәжиевтің өз алдына шаруа қожалығы бар. Ол басшылық ететін қожалықта он екі отбасының азаматтары еңбек етуде. Қожалықтағы малшы, тракторшы сынды қызметкерлердің орташа жалақысы 230 мың теңгені құрайды. Жұмысшылар биыл 140 гектар алқапқа арпа, 40 гектарға жоңышқа, 100 гектарға пияз еккен. Арпаның әр гектарынан 30 центнерден өнім алған олар пияздан да табыс таба алатынына сенімді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- 26 желтоқсан, 2024
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді