Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірасыл Желеубаевтың айтуынша, бес жыл аралығында жергілікті бюджет есебінен 57 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшін жоба аясында 3,2 миллиард теңге бөлініп, ол несиеге 533 ауыл шаруашылығы техникасы алынған. Оның ішінде трактор, ауыл шаруашылығы тіркемелері бар. Ал мал сатып алу үшін 37 миллиард теңге бөлініп, оған 252 мың бас мал алынған.
Бұл мақсатта 7890 жеке тұлға несиелендірілген. Сондайақ, құрылған кооперативтерге 946,9 миллион теңге айналым қаражаттары берілсе, ауылды елді мекендерде өз кәсібін ашу бағытында 730 миллион теңгеге 97 жоба қаржыландырылған. Жалпы, облыста жүзеге асырылған жобаның ел экономикасының артуы мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының дамуына өз септігін тигізіп жатқандығы белгілі.
Бір атап өтерлігі, жоғарыда келтірген қаржының барлығы жобаға қатысушыларға «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы беріліп келеді.
– Облысымызда «Ауыл аманаты» жобасының бес жобасы 2019 жылдан бері сәтті жүзеге асырылу үстінде. Ол бағыттарға жеке тоқталар болсақ, бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану, екінші бағыт – мал шаруашылығын дамыту, үшінші бағыт – азық және жайылым проблемаларын шешу үшін ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану, төртінші бағыт – кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтау, бесінші бағыт – тұрғындардың өз кәсібін ашуға көмектесу, – дейді басқарма басшысының орынбасары.
Жалпы, бірінші бағыт бойынша 187,3 миллион теңге бөлініп, жоба аясында алынған ауыл шаруашылығы техникасының күшімен үй ірге сіндегі жер телімдері өңделіп, тұрғындар өз учаскелерінде бау-бақша салып, табыс табуда.
Ал, екінші бағыт бойынша жа лпы құны 35,1 миллиард теңгені құрайтын 7576 жоба жүзеге асырылды. Сөйтіп, жоба аясында 34 030 бас қара мал, 214 183 қой-ешкі сатып алынған.
Үшінші бағыт бойынша ұсақ шаруалардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді игеру бағытында 41 ауыл шаруашылығы кооперативіне 673, 4 миллион теңгені құрайтын айналым қаражаты берілді. Жер телімі жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріліп, игеріле бастады. Аталмыш бағыт бойынша берілген қаражат есебінен кооперативтер да ла жұмыст арына қажетті тұқым, тыңайтқыштар, жанаржағармаймен қамтылды.
Төртінші бағыт бойынша облыста 57 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 3,2 миллиард теңгеге 533 трактор мен ауыл шаруашылығы тіркемелерін алып, жұмыс істеуде.
Бесінші бағыт бойынша 72 жоба қаржыландырылып, 515,7 миллион теңге игерілген. Осы жобалар аясында елді мекендерде макарон цехы, шағын жылыжай кешені, техникалық қызмет көрсету орталығы, профнастил шығару цехы, шағын тауық фермасы сияқты кәсіпкерлік нысандар көптеп ашылған.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты 2 мәселе шешімін тапты, біріншісі төмен пайызбен несие берілсе, екіншісі ауылдық елді мекендердегі мүліктер (негізінен тұрғын үйлер) кепілдікке қабылданды (екінші деңгейлі банктер қабылдамайды). 2019 жылдан бері осы жобаға қатысқан 611 жеке кәсіпкер 1 миллиард теңгеге несиесін толық жапқан. Несие қайтарылымы 99,6 пайызды құрап отыр. Ал 2024-2025 жылдарға 17,3 миллиард теңге өтінім берілді. Бұл қаржыға 2 мыңға жуық несие беру көзделуде.
«Жалпы, жоба аясында 8028 жеке кәсіпкерлік құрылып, ауылдық елді мекендерде 37 044 жұмыс орыны ашылды. Оның 22838-і тұрақты, 14 206-ы уақытша жұмыс орындары. Ал 2020 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда ауылдық елді мекендерде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 392 отбасыға немесе 19 139 адамға азайып, көмек төлеу есебінен үнемделген қаражат 823,3 миллион теңгені құрады. Жобаға қатысушылардың орташа айлық табысы 78 мың теңгеден 134,8 мың теңгеге немесе 171 пайызға артты», – дейді Әбдірасыл Желеубаев.
Жоба толық іске асырылғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19 мыңнан астам адамға төмендейді, соның салдарынан бюджеттік үнемдеу жылына 1 миллиард теңгені құрайды, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 7 мыңнан астам адамға қысқарады, 300 мыңнан жоғары мал басы сатылып алынады, 231 мың тонна ет және сүт өнімдері өндіріледі, үй іргесіндегі егіс көлемі 109 777 аулаға дейін жетіп, 112 мың тонна көкөніс, бақша дақылдары өндірілетін болады.
Сондай-ақ, осы кезеңде 10 мыңға жуық жеке кәсіпкерлік ашылады және мультипликативтік әсерінің нәтиже сінде тұрғындардың табысын арттыруға, өндірістің, салық көлемінің ұлғаюына және басқа да салаларға оң әсерін тигізеді деген болжам бар.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді