«Тараз – қауіпсіз қала» жобасының шеңберінде ұйымдастырылған сайысты Тараз қаласының прокуратурасы, Тараз қалалық №1,2,3 пробация қызметі мен қала әкімдігінің спорт бөлімі бірлесе өткізген. Тартысты өткен дода барысында қатысушылар 50 және 100 метрлік қашықтықта өзара кім мықтыны анықтады. Ал, турнирге 30-31 жас аралығындағы бас-аяғы 50 адам қатысып, бақ сынасты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
– Жарыс сотты болғандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Біздің басты міндетіміз – жаза басып, жаңылғандарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың құқықтық сауатын арттыру әрі қайта қылмысқа бармауына жол бермеу, – дейді Тараз қалалық №3 пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет майоры Әлихан Хасенов.
Шолпан АКЗЫМАЛИЕВА
қалалық №1 пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары, әділет майоры.
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура Конституция жобасын талқылады
- 27 ақпан, 2026
Отбасы құндылығы – оңалтудың негізі
- 27 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




