Атап айтқанда, Ноғайбай ауылы балаларының игілігіне шағын футбол және «Street workout» алаңы берілді. Қордай ауылының шағынаудандарында да 2 су жаңа шағын футбол алаңы ашылды. Бұл күні мерекеге орай жас жеткіншектерге спорттық құрал-жабдықтар тарту етіліп, шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілді.
Айта кетейік, шағын футбол алаңшаларының құрылысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жыл соңына дейін тағы 5 шағын футбол алаңы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс бойынша ағымдағы жылы 12 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланған десек, оның төртеуі ел игілігіне табысталды.
Бұдан бөлек, 45 спорт алаңы ашылды. Жыл соңына дейінгі жоспар 74 нысанды құрайды. Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 66 пайызға, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 41 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Тараз» футбол клубының жаңа құрамынан үміт көп
- 6 сәуір, 2026
Таразда велоспорттан республикалық ашық турнир басталды
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




